Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда ұлттық домбыра күні пайда болды

c 17:51, 15/06/2018 c 1012

0:00 / 0:00

ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұл күн шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтілмек. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Елбасы тапсырмасынан кейін біздің өңірде домбыра күнін атап өтуге дайындық басталып кетті.

Құрманғазы атындағы саз колледжінің ұлттық аспаптар факультетінде жас домбырашылар білім алуда. Олардың жетістіктері мақтанарлық. Ал оқу орнының түлектері де талай байқауларда жеңімпаз атанып жүр. Ұлттық аспап домбыраның қадір-қасиетін тереңнен түйсініп өсетін жастар үшін ұлттық өнерді меңгеру және оны орындау үлкен мәртебе.

Домбыра ежелден қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Қос ішекті домбыраның шанағынан төгілетін күмбір күй мен әсем үн арқылы талай шежірені шертуге болады, осы дәстүрді жалғастыру біздің еншімізде дейді шеберлер. Ұлттық аспабымыз домбыра күні елбасы бұйрығымен шілде айында аталып өтілмек. Аймақ өнерпаздары қазір бұқаралық түрде өтетін осы мерекеге дайындықты қолға алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.