Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жоқ

c 19:49, 30/01/2020 c 541

0:00 / 0:00

Қазақстанда короновирус індеті тіркелген жоқ.  Елде короновирус індеті тіркеліп жатыр деген қауесетті вице-премьер Бердібек Сапарбаев жоққа шығарды. Ал елді дүрліктіріп, осындай жалған қауесет таратқан  Қапшағайдағы  жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қытайдан шыққан коронавирус індетін  бүгінгі күні 7711 адам жұқтырып,  170 адам көз жұмған. Әлемнің 15 еліне тараған қауіпті індеттен қорғану мақсатында көршілес елдер Қытаймен шекараны жауып жатыр.  Күні кеше Қазақстан Үкіметі де осындай шешім шығарып, шекараны жауып, Қытайға ұшақ, автобус пен пойыз қатынасын уақытша тоқтатты. 1 ақпаннан бастап жолаушылар пойызы, 3-і ақпаннна бастап әуе қатынасы толық тоқтайды.  Осы аралықта Қытайдағы  туристерді жеткізу жұмысы жүріп жатыр. Сол елде жүрген 680 туристің  жартысы елге оралды. Вице-премьер Сапарбаевтың айтуынша, алдағы күндері туристер толығымен елге әкелінеді. Аты жаман ауру шыққан Қытайда қазақстандық 400 студент оқып жатыр. Соның 98 Ухань қаласында. Коронавирус індеті ең бірініш осы қалада шыққан болатын.   Үкімет Уханьдағы студенттерді елге әкелетін арнайы ұшақты дайындап қойыпты.

Сондай-ақ, вице-премьер Қазақстанда коронавирус індеті тіркелді деген ақпаратты  жоққа шығарды.  Өздерііңзег мәлім, WhatsApp желісінде  белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам түскені туралы ақпарат таратқан болатын. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады.Полиция  Қапшағай қалалық жергілікті ауруханасында жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейтін екі адамды анықтады.  Енді олар жалған ақпарат таратқаны үшін  жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал әлемді алаңдатқан індетке қарсы күресті күшейту үшін ел үкіметі қазынадан қосымша 1,6 млрд теңге бөлді.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше,  Қытайдан оралған азаматтардың ішінен 54 –і аурухғана жатқызылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.