Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕР АЗАМАТТЫҚ АЛА АЛМАЙДЫ

c 17:06, 08/11/2022 c 752

0:00 / 0:00

Енді Қазақстанға қоныс аударғандар қазақ тілін білмесе біздің елдің азаматтығын ала алмайды. Үкімет ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету енгізбек. Бұл жайында Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. Үкімет басының бұл жауабы ақпарат беттерінде тез тарады. Смайыловтың жауабында "Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді", - деп жазылған. Еске сала кетейік, «Ақжол» партиясының Парламенттегі депутаттары осы жылдың 5-і қазанында үкіметке сауал жолдап, көші-қон саласындағы мәселелерді реттеп, Қазақстанға көшіп келіп жатқан шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді, тарихын білуін, Ата заңымызға құрмет көрсетуін талап етуді сұраған еді.

Сондай-ақ депутаттар Қазақстан заңнамасына қайшы келсе де қос азаматтықпен тайраңдап жүргендерді тексеруді талап еткен болатын. Жоғарыда айтылғандай, Премьер-министр мәжіліс депутаттарының бұл бастамасын қолдап, үкімет халықалаулыраның талаптарын орындауға кірісіп кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.