Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ күресінің тарихы ұлт тарихымен тығыз байланысты десек қателеспегеніміз болар

c 00:00, 04/05/2015 c 808

0:00 / 0:00

Балуандардың күш сынасуы қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған болатын. Қазіргі таңда бұл спорт түрі барлық әлемге танылып, қарқынды даму үстінде. Өлкеміздегі қазақша күрес федерациясының президенті Қаймен Есендияровтың айтуынша, облысымызда қазақша күрестің деңгейі күн санап артып, аталған спорт түрімен айналысам деушілер де көбеюде. Федерацияның құрылғанына 1 жыл болғанымен, атқарылған жұмыстардың көптігі жиын барысында көрінді. Алқалы жиын барысында федерация басшылары қазақша күрестің өлкеміздегі дамуына еренбей еңбек етіп жүрген бірнеше адамды марапаттап, оларға федерацияның құрметті мүшесі атағы берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.