Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ БӘРІНІҢ БІРДЕЙ НЕСИЕСІ КЕШІРІЛМЕЙДІ

c 19:55, 22/01/2022 c 1405

0:00 / 0:00

Қаралы қаңтар трагедиясында қазақ тапқандардың бәрінің бірдей несиесі кешірілмейді. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қарыздарын кешіру жұмыс жүргізілді. Дәл осындай жұмыстар жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмған жеке азаматтарға қатысты да жүргізілетін болады. Бұл жайында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері журналистермен өткен онлайн брифингте айтты.
Қаңтар трагедиясында көз жұмған азаматтардың несиелері кешірілетін болады. Бас прокуратураның мәліметінше, елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 225 адам қайтыс болып, 4,5 астам азамат зардап шекті. Қаржы нарығын реттеу агенттігі қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қарыздарын кешіру жұмысын жүргізді. Ал мұндай қолдау бейбіт шеруге шығып, көз жұмған азаматтардың отбасына жасала ма? Агенттік өкілдері қазіргі уақытта жеке тұлғалардан ешқандай өтініш түспегенін айтады. Дегенмен тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың да несиесі толық кешіріледі дейді олар.

Қаржылық реттеу агенттігі несиені кешіруде қатаң тексеру жүргізілетінін айтты. Ал қаралы қаңтар оқиғаларына қатысып, қаза тапқан адамның кінәсі сотпен дәлелденіп жатса,олардың несиесі кешірілмейді.

АЛЕКСАНДР ТЕРЕНТЬЕВ- ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ «Егер азамат жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, құқық қорғау органдарымен, сотпен кінәлі деп табылып жатса, аталған қолдаулар оған жасалмайды».

Ал жаппай тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккен азаматтардың несиесі үш айға шегеріледі. Сондай-ақ, брифинг барысында тілшілерді елден шығарылып жатқан капитал көлеміне қатысты сұрақ мазалады. Соңғы бес жылда Қазақстаннан шетелге шығарылған капитал бойынша 238 қылмыстық іс қозғалған. Алайда, осы істер бойынша жүргізілген тергеу нәтижесінде бір тиын елге қайтарылған жоқ. Тіпті сотқа жеткен үш іс бойынша да заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару мәселесі қарастырылмаған. Себебі, қылмыстық-процессуалдық кодексте ақшаны қайтару міндеттілігі жоқ. Агенттік өкілдерінің айтуынша, қаңтар айындағы төтенше жағдай барысында Қазақстаннан капитал шығарылған жоқ. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елден 200 миллиард доллар қаражат заңсыз шығарылған. Осы қаржыны қайтару үшін кірісті декларациялау, мүлікті заңдастыру бағдарламары қабылданды. Алайда, бұл жұмыстың нәтижесінде жалпы қаражаттың 90 миллион доллары ғана қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.