Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАУІПСІЗДІК -ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ»

c 10:25, 24/08/2021 c 710

0:00 / 0:00

Ауғанстанда орын алып отырған жағдай Орта Азия және оған көршілес елдердің қауіпсіздік маселесіне алаңдауға әкеп соғып отыр. Қазақ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтығ Мәскеуге жұмыс сапарында,  Ресей Президенті Владимир Путинменмен қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Президенттір екі жақты кездесуде  Ауғанстандағы жағдайға қатысты өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық және интеграциялық байланыстар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарап, талқылады.

Мемлекет басшысының шетелге сапары Ресейде жалғасын тапты.  Мәскеуге ат басын тіреген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуінде   Қазақстан мен Ресейдің арасындағы барлық саладағы қарым-қатынас мәселесі талқыланды. Пандемия кезінде де онлайн және телефон арқылы байланысып тұрған екі ел президенті, бұл жолы жүзбе-жүз кездесіп, өңірлік қауіпсіздік мәселесін, сауда-экономикалық байланыстарды сөз етті. Әлемді жаулаған қауіпті індеттің таралуына қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы 33 пайызға артқан.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Екіжақты тауар айналымының нақты санын айттыңыз. Бұған қоса көршілес өңірлеріміздің тауар айналымы 70 пайызды құрайтынын да айта кеткен жөн. Өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесуді жоспарлап отырмыз. Қазан айындағы кездесу жүзбе-жүз өтпесе де, онлайн байланыста болады».

Ресей Президентін Ауғаныстанда билік етіп отырған тәліптер мәселесі алаңдатады.  Владимир Путин  қазіргі ең өзекті мәселе-қауіпсіздік екенін айтты. Ауғанстандағы жағдай алдағы қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында талқыланатын болады.

ВЛАДИМИР ПУТИН –РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Әрине, қазіргі таңда ең өзекті мәселе – қауіпсіздік. Әсіресе, Ауғанстандағы жағдай ушығып барады. Дүйсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында бейнеконференция режимінде жиналып, пікір алмасамыз деп үміттенемін».

Өз кезегінде қазақ басшысы да қауіпсіздік мәселесіне қатысты саясатымызды үнемі кеңесіп жүргіземіз деді. Ал Мәскеу сапарынан соң, Тоқаев елдегі қауіпсіздікті қолға алды. Алматы облысындағы ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығы базасына барды. Тәртіп сақшылардың жұмысымен танысқан Президент, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін озық халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп, қолдану қажеттігін айтты. Өз кезегінде  ішікі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын өсіреміз деген сүйінші хабарымен бөлісті.Бұл мақсатқа  қазынадан 100 млрд теңге бөлінбек. 2023 жылға дейін офицердің айлығы 70 пайызға, әскеридікі 60 пайызға артпақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.