Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіп бар

c 22:49, 27/02/2020 c 507

0:00 / 0:00

Әлемнің 41 еліне тарап жатқан коронавирус қауіпті індеті Қазақстанды айналып өтеді деп айта алмаймын. Еліміздің денсаулық сақату министрі Елжан Біртанов бүгін журналситермен өткен брифинге осылай деді. Себебі, тәуекел көп дейді ол. Дегенмен, министр жұқпалы аурудың алдын алу шаралары толық қамтылғанын, қазақстандықтарға даурықпай, санитарлық норманы сақтауға кеңес берді. Біртанов коронавирустан қырылып қаламыз дегенге сенбеңіздер деп жұбатады.

Жер шарын алаңдатып отырған коронавирус жұқпалы ауруы ендігі 41 елге тарады. Қытайдан шыққан індет Жапония, Оңтүстік Кореядан бастап АҚШ-ға, Еуропа мен мұсылман елдеріне де жетті. Құдай сақтап, біздің елде бұл індет тіркеліп отырған жоқ. Дегенмен, министр Елжан Біртанов коронавирус Қазақстанды айналып өтеді деп айта алмаймын дейді.

Ауа тамшылары арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жөн. Министр, әсіресе шетелден оралып жатқан азаматтар карантин талаптарын сақтауы тиіс дейді.Ал «осы аурудан қырылып қаламыз дегенге сенбеңіздер»- деп жұбатады.

Бүгінгі күні Қытайдан келген 185 қазақстандық  карантинде жатыр. Енді Қазақстан үшін қолайсыздық тудырып отырған Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Иран елдерінен келгендер де карантинге жатқызылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір 2 235 адам медициналық бақылауда.  Бұдан бөлек үшінші категориядағы елдерден келген 1401 адам медициналық қадағалауда. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 82 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.