Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қатерлі ісік өршіп тұр

c 09:28, 05/02/2021 c 426

0:00 / 0:00

Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Қазір диспансерілік есепте 190 мың адам тұр. Жылына осы қатерлі дерттен 14 мыңнан астам адам көз жұмады. Еліміздің онкологтары осылай деп дабыл қағуда. Дәрігерлердің айтуынша, адамдар жыл сайынғы дәрігерлерлік тексеруден өтіп отырса, бұл дертті асқындырмай емдеуге мүмкіндік бар.

4 ақпан – қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Еліміздің онколог дәрігерлері аты жаман ауруды асқындырып алмауға шақырады.  Онкологиялық аурулардан емдеуге көп көңіл бөлінуде. Осыдан екі жыл бұрын бұл дерттен емдейтін дәрі-дәрмектердің 16 түрі болса, қазіргі уақытта олардың саны 32-ге жетті дейді дәрігерлер. Яғни, бүгінгі күні науқастар дәрімен толықтай қамтылған. Онкологиялық орталықтарда емдеудің заманауи әдістері игерілген. Мысалы,сүт безі қатерлі ісігі, қуық асты безінің қатерлі ісігі, бүйрек қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры кезіндегі қатерлі ісікке шалдыққан органдарды сақтайтын инвазиялық операциялар кеңінен қолданылады.

Оның аурудың алдын алу үшін скринингке жыл сайын шамамен 4 млрд теңге бөлінеді. Ал адамдар медициналық тексеруден қорқатындықтан, бұл дертті асқындырып алып жатады. Дәрігерлер болса, медицина бұл аурудан да емдеуге қауқарлы, ең бастысы ауруын жасырмаған жөн дейді. Өкінішке орай статистика көңіл қоншытпайды. Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Қазір диспансерілік есепте 190 мың адам тұр. Жылына осы қатерлі дерттен 14 мыңнан астам адам көз жұмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.