Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қасымбек экологияны қорғамақ

c 17:41, 20/12/2019 c 718

0:00 / 0:00

Теміртаудың экологиялық ахуалына қатысты қатаң шара қабылданатын болады. Бұл жайында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада журналистермен өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, зиянды заттардың ауаға тарауы 20-25% қысқарады. Қарағанды өңірі ел тарихындағы саяси және экономикалық маңызды өңір болып табылады. Бұл шахтерлер өңірі, кеншілердің жиі бас көтеретін жері. Сондай-ақ бір ғана кәсіпорынға тәуелді болып отырған  моноқалалар мәселесі де кенже қалып отыр.

1997 жылдан бастап өрісін кеңейіткен Қарағанды облысына Жезқазған өңірі кірген болатын. Ауыр өнеркәсібі дамыған  Қарағанды аймағы қоршаған ортаны ластауда алдыңғы орында тұр. Зауыттардан шыққан қара түтін экологияны ластап отыр. Мамандар бұл мәселені жасыл технологияны енгізіп ғана шешуге болады дейді. Алайда, көмір өндірісінің жүрегі болып табылатын Қарағандыға баламалы энергия көзін әкеле қою оңай болмас. Елдегі ауаға тарап жатқан қалдықтардың 24%  Қарағанды өңіріне тиесілі. Оның көп бөлігі Теміртау қаласына тарайды. Сұр қалаға айналған Теміртаудың экологиясы сын көтермейді. Басты ластаушы  «АрселорМиттал Темиртау» кәсіпорны. Қала үнемі көк түтінге оранып тұрады. Қыста аппақ қардың түсі сұрға боялған.

Жеңіс Қасымбек - қарағанды облысының әкімі; «Теміртаудың ластануының 80 пайызы сол жердегі металлургиялық комбинаттан шыққан зиянды заттан болып отыр. 1,5 ай бұрын экология министрі өңірдегі кәсіпорындармен зиянды қалдықтардың ауаға тарауын азайту туралы келісімге отырды. 20-25 пайызға төмендейді деп отырмыз»

Өңірде үнді миллардері Лакшми Миттал  басқаратын «АрселорМиттал Темиртау»  өнеркәсібі қанатын кең жайған. Ал Жезқазғанда «Казахмыс» корпорациясы дүркіреп тұр. Сөйте тұра бұл кәсіпорындарда кеншілер жиі бас көтеріп, еңбек дауы орын алып жатады. Айта кетейік, Жеңіс Қасымбектің Қарағанды өңіріне әкім болып тағайындалғанына үш ай болды. Өңірде экологиялық ахуалдан басқа, автокөлік жолдары да сын көтермейді. Облыстың Нұра ауданына қарасты шалғай жатқан ауылдарына баратын жолында көлікпен жүру мүмкін емес.  Әкім болса оны жөндеуге ақша жетпей жатыр деп қарап отыр.

Сапалы жолды армандаған Баршын, Құланөтпес ауыл тұрғындары болса мал өсіріп жан бағып отыр. Ет сатып, қант –шайын айыру үшін елордаға екі сағаттық сапасыз жолда 5 сағат жүріп келуге мәжбүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.