Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту керек»

c 09:39, 23/06/2021 c 736

0:00 / 0:00

Бәсекелестікті дамыту, мемлекеттің үлесін қысқарту,  монополиямен күрес, экономикадағы бизнестің үлесін арттыру. Жаңадан құрылған бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында осындай міндеттер тұр. Үкіметтің онлайн отырысында сөз алған агенттік басшысы Серік Жұманғарин өз жоспарымен бөлісті. Бәсекелестікті дамыту үшін  тиісті заңдарға өзгерістер енгізілмек.

Нарықтық экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту керек. Мысалы, стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру сияқты кәсіпорындардың дербестігі қажет. Елдегі бәсекелестікті дамытуды қолға алуға құлшынып отырған агенттік басшысы  үкімет отырысында жоспарлармен бөліскен еді.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай  мемлекеттік тапсырыстар санын екі есеге қысқарту жоспары бар. Бұл экономикалық тиімділікті арттыру үшін қажет дейді. Байланыс, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы, әуежай қызметтері, агроөнеркәсіп кешені, көмір, фармацевтика, құрылыс және тағы да басқа нарықтарының жұмыс істеуінде бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру қажеттігі туындап отыр.  Бүгінде бірыңғай операторлар құру жолымен нарық субъектілеріне айрықша құқық бекітіп беру практикасы қалыптасқан. Бұл бәсекені шектеп отыр. Сондай-ақ. Монополистердің де жұмысы реттелмек.

Бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша 4 кодекс пен 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін айтылды. Ұсынылған заң жобасы жаңа тәсілдерді іске асыруды қамтиды және бәсекенің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық шектеулерді жоюға бағытталмақ. Бәсекелестікті дамыту туралы заң жобасы парламентке ұсынылмақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.