Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӘСІПКЕРЛЕР САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙ ЖАТЫР»

c 14:40, 08/03 c 40

0:00 / 0:00

Бюджетке салық толыққанды түспей жатыр. Себебі, елімізде тіркелген 1 млн 400 кәсіпкердің жартысынан көбі салық төлеуден жалтаруда дейді қаржы вице-министрі. Осылайша, ел қазынасы тиісті кірістен айырылып отыр. Ал бұған дейін мәжіліс депутаттары биыл бюджет тапшылығы орын алу қаупі бар деген еді. Осы орайда депутаттар ұлттық компаниялардан мемлекет пайда көрмей отырғанын айтқан еді. Ал еліміздің биылғы шығыны – 24 трлн теңге. Оның 16,5 трлн теңгесі табысымыз, 3,6 трлн теңгені Ұлттық қордан аламыз, 4 трлн теңге құнды қағаздарды шығарудан түсіп отыр деген еді депутат Мархабат Жайымбетов. Ал бюджет тапшылығы 7,5 трлн. Депутаттар үкіметтен квазисектордың таза пайдасын бюджетке беруді сұраған еді. Шенеуіктер болса, қаншама кәсіпкерден салық түспей жатыр деп отыр.

Осылайша, жергілікті бюджетке шығын келіп жатыр дейді шенеунік. Бюджеттің негізгі шығысы әлеуметтік салаға жұмсалатыны мәлім. Сосын да болар, үкімет жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдарын тексеруді қатаң бақылауға алып жатыр.

Бұған дейін Біржанов мырза жеке кәсіпкерге мобильді аударым арқылы ақша түссе, ол 100 мобильді аударым болса, бұл оны тексерудің бірінші белгісі болады деген еді. Ал үш ай қатарынан түскен аударым сомасы 255 мың теңге болса бақылауға алынады. Сенаторлар да шағын кәсіптің әрекетін қадағалауды қолдап отыр.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Азат Перуашев микробизнес үшін мобильді аударым көлемі 1 миллион теңгеден асқан жағдайда ғана салық салуды ұсынған болатын. Үкіметтегілер әзріге бұл сұраққа жауап беруге дайын емес. Қарастырып жатырмыз деген құрғақ жауап ғана естиміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.