Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРҒАНДАР СОТТАЛАДЫ

c 10:24, 02/11/2021 c 1319

0:00 / 0:00

Соңғы жылдары оңай ақша табудың жолын ұсынған алаяқтарға алданғандар саны тым артып кетті. Қаржы пирамидаларының арбауына түспеңіздер деген ақпарат қанша тараса да, аңқау халық қаржысынан қағылып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы үш жылда "қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша 180 қылмыстық іс қозғалған. Ал бүгін министрлік Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-қа қатысты іс сотқа жіберілгенін хабарлап отыр.

Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасын құрғандар енді сот алдында жауап береді. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Questra World қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алаяқтар мыңдаған қазақстандықты сан соқтырып кеткен. Әу баста оңай ақша табудың жолын ұсынған компания өкілдері, шамалы ғана қаржы салып, байлыққа кенелесің деп сендірген.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ – ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ "Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-ты құрды деп айыпталғандар ісі бойныша тергеу аяқталып, іс сотқа берілді.Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрып, оны қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды. Пирамида басшылары салынған соманың 336 пайызға дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалану арқылы 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған"

Өкінішке орай, соңғы жылдары жеңіл табыс табудың жолын ұсынған алаяқтарға алданғандар саны тым артып кетті. Қаржы пирамидаларының арбауына түспеңіздер деген ақпарат қанша тараса да, аңқау халық қаржысынан қағылып жатыр.Жоғарыда аталған компания бір қатысушыны жаңадан кірген салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, қаржыны өзара бөлісіп отырған.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ – ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ  «Қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматы тартылған. Ал материалдық шығын сомасы 1 миллиард теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, соның ішінде бұрын Беларусь елінен экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды».

Соңғы үш жылда "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша 180 қылмыстық іс қозғалған. Мысалы, 2017-2019 жылдары жүргізілген қылмыстық істерден келген материалдық шығын 8,3 млрд теңгені құрады. Бұған дейін ішкі істер министрлігі қаржы пирамидасының 25 басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлағанды. Еске сала кетейік, "Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" және "ESTATE ломбард" микроқаржы ұйымдарының заңсыз әрекетінен 39 мың адам зардап шеккенді. Қаржысынан қағылғандар 8 миллиард теңге мен дүние-мүлкінен айырылды. Қаржы пирамидасын әлеуметтік желілерде еліміздің танымал әнші-әртістері жарнамалап кеткені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.