Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАРЫЗҒА БАТҚАНДАР МЕН КЕДЕЙЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА»

c 10:20, 09/02/2022 c 370

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді деді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ел экономикасын дамыту, шетелге заңсыз кеткен қаражатты елге қайтару, азық-түлік қауіпсіздігін қамту, үкімет пен әкімдіердеің адал қызмет етуіне қол жеткізу мәселелері үкіметтің кеңейтілген отырысында талқыға салынды. Мемлекет басшысы кеден бекеттерінде қордаланған мәселелерді тағы да көтерді. Ауыл шаруашылық саласындағы субсидияға қатысты былықтар тағы да сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке субсидиялау бойынша шаруаларға тегін қызмет көрсететін платформаны әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы өз кезегінде министрлер кабинеті мен әкімдерге бірқатар міндеттерді жүктеді

Басты мәселе- халықтың кірісін арттыру. Президент үкімет пен әкімдерге қысқа уақыт ішінде халықтың әл-ауқатын көтеруді жүктеді. Себебі, елде кедейлер саны артуда. 1 миллионға жуық қазақстандықтың табысы ең төменгі күн көріс деңгейіне жетпей отыр.Ал үкіметтегілер елде орташа жалқының өсіп жатқаны жайында шындыққа жанаспайтын мәлімет береді.

Сондай-ақ, Тоқаев көпшілікті алаңдатқан мәселе-оффшордағы қаражатты елге қайтару мәселесін көтерді. Үкіметке екі айдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Президент Қазақстанда майнингке салынатын салықты арттыруды және тексеруді тапсырды.Себебі, бұл сала электр энергиясын бірнеше облыс сияқты пайдаланады. Кейбір жосықсыз криптовалюта өндірушілер халыққа берілетін тарифтерден төмен тарифтерді пайдаланады. Импорттық жабдыққа салықтар мен баж салығы төленбейді. Ең бастысы, бұрынғы ресурстарды сарқып, ақша тауып жатыр, - деді. Бұл тапсырма Қаржы мониторингі агенттігіне жүктелді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы он жылдан бері айтылып, әлі нақты нүкте қойылмаған АЭС құрлысы қажет екенін айтты.

Жақында ғана энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының құрылысына қатысты нақты шешім жоқ деген еді. Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласындағы монополист компаниялардың мәселесіне тоқталды. Мемлекеттік тапсырыстың бәрін бір өзі ғана алып, бәсекелстікке жол бермей отырған құрылыс компанияларын сынады. Бұған олар әкімдіктер арқылы қол жеткізіп отырғаны мәлім. Тоқаев Бәсекелестік қорғау агенттігіне құрылыс нарығын монополиясыздандыру және бәсекелі дамуы бойынша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды.Ал жылда жаңа үйлер салынып жатыр деп есеп беретін әкімдердің есебі де күмән тудырды. Былтыр елде 17 миллион шарты метр тұрғын үй салынды деген мәлімет сенімсіздеу болып отыр дейді Президент.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтуға, бағаны тұрақтандыруға арадағы делдалдар кедергі болып отырғаны айтылды. Пезидент бұл орайда Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп аты шулы "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды.

Тоқаев аудан әкімдеріне жұмыс орындарын ашу бойынша меже қойды. Жергілікті жерлерде кәсіпкерлерге кедергі жасап отырған әкімдердің әрекетін сынап, мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғаруды талап етті. Ал аудан әкімдеріне жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Енді кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмей, әкім олардың соңынан жүгіріп, инвестор тартуы керек.Президент халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайтып, жұмыс орындарын ашамыз деп отыр. Ең бастысы қазақстандықтардың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік беріліп, тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлық пен экономикадағы әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз-деді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Смайылов үкіметі ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер өткізіп, аянбай еңбек етуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.