Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАРЫЗ ҮШІН БАСПАНАДАН АЙЫРМАҢЫЗДАР!»

c 10:39, 02/11/2021 c 1211

0:00 / 0:00

Белсенді топ азаматтарды банктер алдындағы несиелік қарыз үшін жалғыз баспанасынан шығармауды талап етті. Елордада Ұлттық Банктің алдына жиналған топ, банк алдындағы берешегі үшін үйінен айыру мәселесін қайта қарауды ұсынды.
Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы қайғылы оқиға қоғамды бір сілікіндірген еді. Банк алдындағы қарызын өтей алмай, баспанасынан айырылған азамат сот орындаушылар мен полицияға және сол үйді нарықтағы бағадан бірнеше есеге арзанға сатып алған жаңа қожайынға оқу жаудырып, салдары кісі өліміне әкеп соққан еді. Банктен несие алып, кейін табысын жоғалтып, қарызын өтей алмай, кепілге қойған баспанасынан айырылып жатқандар қаншама. 2015 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру туралы бағдарлама бар. Бұл елбасының тапсырмасымен азаматтардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін қабылданған бағдарлама болатын. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкпен 286 млрд теңге бөлінген еді. Алайда, бұл бағдарламаға мұқтаждардың бәрі бірдей қол жеткізе алмай қалды. Елде 2300 отбасы қалыс қалған. Белсенді топ биліктен қарыздарын қайта қарауды сұрап отыр.

Шетел валютасында қызмет көрсетілген ипотекалық қарыздарды теңгеге аударуды көздейтін бағдарлама 2020 жылы аяқталды. Енді қоғам белсенділері осы бағдарламадан қалыс қалған азаматтардың қарызы қайта қарастырылмаса, басындағы жалғыз баспанасынан айырылады дейді.

Нұр-Сұлтанға еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенділер Ұлттық Банк басшсыны Ерболат Досаевтың отставкасын талап етті. Ал Банк ғимаратына кіріп, талап-арыздарын жеткізуге тырысқан наразы топқа күзет есігін ашпай қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.