Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

c 09:41, 25/08/2021 c 546

0:00 / 0:00

Еліміздің бас дәрігері Алексей Цой ковидтің таралуына қатысты тағы бір болжамын алға тартты. Үкіметтің кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін айтты. Яғни елде жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен Түркістаннан басқа өңірлер түгел қызыл аймақтан шыға алмай жатыр. Цой алдағы күзге сценариін ұсынды. Қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.  Ал оптимистік болжамда- алдағы айда күніне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші бөлігін 6 413 мыңнан аса адам салдырса, екіншісін 5 миллионнан артық адам жасатқан

Елдегі эпиджағдайды денсаулық сақтау министрі осындай болжамдарымен бағалауды жолға қойып алған. Өкінішке орай, Цойдың бұған дейінгі писсимистік болжамы тура келді. Енді министр күзде індеттің таралуы қандай деңгейде болатынын болжап қойыпты.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300-ге дейін, қазан айында 2400-ге дейін болады. Нақты сценарийде қыркүйек айында-5300 жағдайға дейін, қазан айында-1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарийде қыркүйекте – 4200 жағдайға дейін, қазанда-тәулігіне 1300 жағдайға дейін болады»

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 5 631 жағдай тіркелсе, соның 1 505-і Алматыда анықталған.Осылайша Алматы қаласы көш бастап тұр. Министр Цойдың сөзіне сенсек, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр. Соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендеді. Үкімет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына орай, карантиндік шектеулерді жеңілдетуді тапсырды. Яғни ASHYQ қосымшасына қосылған бизнеске демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін.

Өздеріңізге мәлім, елде індеттің таралуы өршіп, демалыс күндері азық-түліктен басқа, барлық кәсіпкерлік субьектілердің жұмысына тиым салынғанды. Дегенмен, қатаң карантин талаптарын ескермей  жүздеген адам жинап, той тойлап жатқан мейрамханалар, дәмханалар  мен түнгі клубтардың заң бұзушылықтары тіркелуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.