Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

c 10:05, 20/10/2021 c 525

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін елде коронавирусқа қарсы 11 млн 400 мың адам екпе салдырады деп жоспарлап отыр. Үкіметтің отырысында бас дәрігер бірінші компонентті 8 миллион адам, екінші компонентті 7,1 миллион адам салдырғанын хабарлады. Бұл жалпы халықтың 38 пайызы. Дегенмен, ковидке қарсы вакцинациялау тапсырмасын орындай алмай отырған өңірлер бар. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалған. Сондықтан үкімет осы тапсырманы атқара алмай отырған шенеуніктерді жазаламақ.

Елде эпид жағдай тұрақтала бастады. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны азаюда. Соңғы екі аптада аурушаңдық деңгейі 17%-ға төмендеді. Жалпы Қазақстанда соңғы екі ай ішінде ауру жұқтыру 3,8 есеге, ал өлім-жітім 3,6 есеге азайды дейді министр Алексей Цой. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты инфекциялық нысандар жабылып жатыр. Ендігі 103 нысан жабылды. Қазір республика бойынша алты өңір жасыл аймақта, 5 аймақ сары, 6 өңір қызыл аймақта тұр. Министр Цой вакцинациялауға жататын халықтың 70%-тен астамының екпе алғанын ескеріп, ертеңнен бастап елде карантин талаптарын жеңілдетпек. Яғни әлеуметтік нысандар мен түнгі клубтардың жұмысы жанданады.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ « 20 қазаннан бастап елде карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік нысандардың яғни қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі пациенттеріне баруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ тек "жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауы тиіс. "Жасыл" аймақта 100 адамнан; "сары" аймақта – 70, "қызыл" аймақта 50 адамнан көп жиналамуы керек».

Сондай-ақ, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылып, таңға дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Министрлік жыл соңына дейін ковидке қарсы екпе салдырғандар санын 11млн 4 мың адамға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі күні бірінші компонентті 8 миллион адам салдырса, екінші компонентті 7,1 миллион адам жасатты, бұл жалпы халықтың 38 пайызы. Дегенмен, үкімет басшылары коронвирусқа қарсы екпе салдыру жоспарын дұрыс атқара алмай отырған аймақтар бар дейді. Вице-премьер Тоғжанов жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалғанын айтып, сынады. Өз кезегінде әкімдіктерді жазалауды ұсынды.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ « Вакцинациялау жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшыларына жауапкершілік жүктеледі. Алдағы уақытта, вакцинациялау қарқынының төмен болғаны үшін жетекшілік ететін әкім орынбасарларын тәртіптік жазаға тарту шараларын қолға алған дұрыс. Бұл ретте өңірлердегі әкімдерге вакцинацияны ұйымдастыру бойынша Шығыс-Қазақстан облысының тәжірибесін назарға ала отырып, түпкілікті шараларды қолға алуды тапсыру керек»

Үкімет басшысы болса, ұжымдық иммунитетті 60 пайызға жеткізу жоспары барын еске салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.