Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин қатаңдатылды

c 06:00, 27/06/2020 c 492

0:00 / 0:00

Алдағы демалыс күндері еліміздің бірқатар аймақтарында карантин талаптары тағы да қатаңдатылды. Елордада  екі күн бойы барлық сауда орталығы, сауда үйлері, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейтін болады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарының шектеуі. Себебі елде қауіпті індет-коронавирустың таралуы үдеп барады. Соның ішінде елордада індет жұқтырғандар саны тым көп болып отыр.3 мың 600 аса науқас тіркелді.  Жалпы республика бойынша індет жұқтырғандар саны 19 мың 700-ден асса, жазылып шыққандар 12 мың 300 адамнан асып жығылады.  147 науқас осы аурудан көз жұмды.

Мәтін.Елде аты жаман аурудың таралуы үдеп барады. Күнделікті статистика төмендер емес. Адам денсаулығына араша түсетін дәрігерлердің өзі ауырып қалып жатыр. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны әу бастағы болжамнан бірнеше есе көп болып кетті.

Мархаббат Бекбосынова – ҚР денсаулық  сақтау министрінің кеңесшісі «Коронавирус індетін жұқтырғандардың есебіннен бөлек,  осы вирустың ауру белгілері жоқтарға келетін болсақ. Ауру белгілері жоқ деген сөз өзі айтып тұр. Ол ауыруған адаммен жақын байланыста болуы мүмкін. Денсаулығында еш кінарат жоқ адам бұл вирусты емделуі керек пе? Мен өзімді жақсы сезініп тұрсам. Маған дәрі ішудің қажетлігі бар ма?  Менімен мамандар келіседі деп ойлаймын. Тек вирус белгілері пайда болған кезде ғана дәрі ішу керек».

Күні кеше  Денсаулық сақтау министрі ауысты.  Экс-министрі Елжан Біртановтың өзі де коронавирус індетін жұқтырып, ем алып жатыр. Ол қосымша ем қажет болатындықтан, Президентке өтініш білдіріп, қызметінен босады. Ендігі үміт су жаңа министр Алексей  Цойда. Тағайындалғанына бір күн ғана болды, ендігі  оның вице-министрі Ләззат Ақтаева қызметінен кетіп жатыр. Министр елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрған сәтінде жұмысын кадр ауыстырудан емес, халықты емдеуден, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтудан бастаса игі. Ауханаларда орын жоқ. Дене қызуын түсіретін парацетамолдың өзін дәріханадан таппайсың. Қаншама адам үйден ем алуға мәжбүр. Дәрігер бекіткен дәрілеріді таба алмай, сабылып жүр. Бір сөзбен айтқанда жағдай мәз емес. Енді алдағы демалыс күндерінде бірқатар облыстар мен елордасы карантин талабын тағы да күшейтпек. 27-28 маусым күндері елордада барлық сауда орталығы, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер, саябақтар жабылады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Тек шағын азық-түлік дүкендері, дәріханалар  жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанның бас санитары  Жанна Пралиева қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отырғандықтан демалыс күндері үйден шығуға шектеулер қойып отыр. Тек азық-түлік дүкендеріне, дәріханаға және жұмысқа баруға рұқсат бар.  Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елордада коронавирус жұқтырғандардың саны 3613 адамға жетті, оның  2642 жазылып  шықты. Бүгінгі күні қала ауруханаларында шамамен 900 адам жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына енгізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.