Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР

c 09:25, 25/03/2022 c 406

0:00 / 0:00

Соңғы екі-үш күн бойы ауа-райы күрт нашарлап, ақтүтек боран соғып, автожолдар жабылды. Қолайсыз ауа-райы жайында қанша хабарлама келіп жатса да, тәуекелге барып, жолға шығып кетіп жатқандар қар құрсауныда қалды. Тек өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар құрсауынан 687 адам, оның ішінде 114 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 36 бірлік техника мен 1 автобус қар құрсауынан сүйреп шығарылды. Қарағанды облысында 22 жол апат болып, үш адам жарақат алып, бір адам көз жұмды.

Көктем мезгілі келгенімен, орталық, солтүстік өңірлер және батыстың кей облыстары әлі де қытымыр қыстан шыға алмай жатыр. Қыс бойы жаумаған қар жауып, боран соғып, автожолдар жабылды. Қолайсыз ауа-райы жайында қанша хабарлама келіп жатса да, тәуекелге барып, жолға шығып кетіп жатқандар қар құрсауында қалды. Наурыз мерекесіндегі демалыста Бурабай жаққа жол тартқандар Нұр-Сұлтанға жете алмай қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тек өткен тәулікте ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар құрсауынан 687 адам, оның ішінде 114 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

Жол үстіндегі құтқару жұмыстарына төтеншеліктер мен полициядан және жол қызметтерінен 600 жуықадам мен 373 техника жұмылдырылды.Төтеншеліктер әлі де жолда қалған азаматтарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Өкінішке орай ақталқан боранда кісі өлімі де тіркелді. Қарағандыда қолайсыз ауа райының салдарынан бір күнде 22 жол апаты болған. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 23 наурызда тіркелген жол апатында үш адам жарақат алып, бір адам көз жұмды. Тек елордасы-Нұр-Сұлтанда көктайғақта 124 көлік апаты орын алды. Бес облыста жолдар әлі де жабық.

Соңғы аптада республикалық маңызы бар автожолдар 86 рет жол жабылды. Бүгін Нұр-Сұлтан- Щучинск автобанында орын алған жол апатының салдарынан жол жабылып, көлік кептелісі орын алды. Өз кезегінде құтқарушылар азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауды ескертеді. Ал арнайы техника тоқтаусыз жауған қардан, жолдарды тазалап үлгермей жатыр. ҚаҺарына мінген қыстың беті әлі де қайтар емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.