Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР ТІЗІМІ

c 09:53, 18/08/2022 c 975

0:00 / 0:00

Бас прокуратура қаңтар таргедиясында құрбан болған 238 адамның тізімін жариялады. Алайда, олардың аты-жөнінен басқа жасы, мәртебесі, олардың қандай жағдайда қаза болғаны жайында мәлімет жоқ. Қаңтар оқиғасы орын алғалы сегіз ай болды, тергеу әлі жалғасуда. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, мұндай тергеулер ұзаққа созылады. Алайда, министр өз саласынан нақты қанша полицейдің күдікке ілініп, жауапқа тартылып жатқанын айта алмады.

Бас прокуратура араға жеті ай салып қаңтар трагедиясында қаза болған 238 адамның аты-жөнін жариялады. Алайда, прокуратура марқұмдардың мәртебесі жайында мәлімет бермеді. Кімнің кім болғаны туралы, тіпті тізімдегі марқұмдардың жасы да көрсетілмеген. Ал күштік құрылым өкілдерінің "антитеррористік операция" кезінде кімді өлтіргені белгісіз. Еске сала кетейік, билік қаңтар оқиғасы кезінде лаңкестік әрекет жасалды деп мәлімдеген болатын. Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов қанды қаңтарда қаза болғандың 176-ның қалай мерт болғаны анықталғанын мәлімдеді.

Прокурордың мәлімдеуінше, 92 адам әкімдік, полиция, президент резиденциясы, телемұнара сонымен бірге дүкендер мен өзге де нысандарға қарулы шабуыл кезінде опат болған. Өкінішке орай қаңтар оқиғасы кезінде күдікке ілініп, құқық қорғау органдарының тергеуіне іліккендерге қатысты азаптаулар да болғаны есімізде. Бас прокуратура құқық қорғау органдарының өклідері ұсталғандарды тергеу кезінде қызметтік өкілетін асыра пайдаланғанын растап отыр.Тергеу кезінде күдікке ілінген алты адам қаза болды. Осыған орай күштік құрылымның 15 өкілі күдікті деп танылып, оларға түрлі бұлтартпас шарасы қолданылды. Ал ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар трагедиясы бойынша өз саласынан нақты қанша полицейдің күдікке ілініп, жауапқа тартылып жатқанын айта алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.