Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары денсаулық сақтау басқармасына наразы

c 18:25, 26/03/2018 c 747

0:00 / 0:00

БҚО-да қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары денсаулық сақтау басқармасына наразылығын білдірді. Осы мақсатта ғимаратқа жиналған азаматтар дәрігерлерден инсулин бөлуді талап етті. Олардың айтуынша, инсулинге зәру балаларға осы жылдың басынан дәрі-дәрмек мүлдем бөлінбеген. Салдарынан жағдайлары күрт нашарлап кеткен науқас бүлдіршіндер тамақ ішуден қалыпты.

Денсаулық сақтау басқармасына жиылған инсулинге тәуелді 1 тип қант диабетімен ауыратын балалардың ата-аналары. Диабет балалар мен жасөспірімдерде ауыр өтуімен сипатталады және емделуге келмейді. Баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажетті дәрі-дәрмектер 2018-жыл басынан берілмей қалған. Қазір тығырыққа тірелген жандар мұндай қажеттілікті дәріханалардан да таппай қалыпты.

Облыста 75 бала помпалық терапияны қажет қылатын көрінеді. Әдетте қантты күніне 10-15 рет өлшейді. Төменгі қант деңгейі-гипогликемия деп аталады. Осындай жағдайда бала есінен танып немесе комаға түсуі мүмкін. Бұл кезде глюкаген егілу қажет.

БҚО-да жалпы қант диабетінен жүздеген бала зардап шегіп отыр. Олардың басым бөлігі мемлекеттен көмек алуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.