Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаңғыбас иттер өріп жүр

c 11:33, 11/01/2018 c 1573

0:00 / 0:00

Былтыр Орал қаласында 6 мыңға тарта ит ауланып, 600 мысық ұсталыпты. Бүгінде қала сыртынан жануарлардың мүрдесін көмуге арналған арнайы орын дайындалған. Сондай-ақ ауланған иттрге арналған тәлімбақ салу да жоспарда бар. Оның құрылысы биыл қолға алынбақ. Жеті қазынаның біріне жататын «ит» бүгінде жаныңа серік емес, секем туғызатындай. Себебі, көшеде өріп жүрген бұралқы иттер кімді болсын алаңдатпай қоймайды...Шаһар тұрғындары да осыны айтып ашынады. Көше қаптап жүрген қаңғыбас иттер балаларымызды қауып алып жүрмесе игі еді деп қорқады қалың бұқара. Халықтың алаңдайтын жөні бар. Өйткені, мұндай жағдай бұрындары бір емес, бірнеше мәрте қайталанған да болатын. Қаладағы ремзавод аумағында қаңғыған иттердің тым көптігін өзіміз де көріп қайттық.
Топтасып жүрген ит-мысық жайдан жай жүрсе де, жәшіктердегі қоқысты шашып, адамдарға шауып, түрлі жарақат салуы да әбден мүмкін. Бұралқылармен күрес ешқашан тоқтаған емес - дейді қалалық ветеренариялық станция мамандары. Тек өткен жылдың өзінде 6000нан астам ит, 600ге жуық мысық ауланған. Зашаған кенті, деркөл мен саяжайлар маңында бұралқы иттер әсіресе көп екен. Ал оларды аулау 3 бригаданың мойнына жүктелген. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 28 млн теңге қаражат бөлініпті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.