Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Камера қылмысты ашып бере ме?

c 19:50, 30/11/2020 c 647

0:00 / 0:00

Елде орын алып отырған қылмысты ашу үшін бейнебақылау камераларының көмегі орасан зор дейді полицейлер. Ішкі істер министрлігі халықты қылмыскерлерден қорғау үшін «Қазақтелекомның» бейнебақылау жүйесін кейінен пайдаланады. Бұл шаруаны бірізділікке салу үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев бейнебақылау жүйелерін дамыту және ауқымды деректерді талдауды қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл өңірлерде  «Smart City» жобасын іске асыруға мүмкіндік бермек. Алғашқы болып Ақкөл қаласы қолға алып жатыр.

2017 жылдан бастап елімізде «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы аясында қалалардам бейнебақылау жүйелері кеңінен қолданылуда. Республика бойынша қазір 350 мың пәтердің кіреберістерде 34 мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Елорданың өзінде бейнекамера орнатылмаған жер аз. Бұл қылмысты ашуға және жолын кесуге мүмкіндік беруде дейді полицейлер.  Енді ішкі істер министрлігі Қазақтелекоммен меморандумға қол қойып, бірыңғай бейнебақылау жүйелері  біріктірілетін болды. Бұл кіре берістегі камералардан полицияның жедел басқару орталықтарының мониторларына суреттерді шығаруға және қоғамдық тәртіпті бұзуға жедел назар аударуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Мейірманов –«Қазақтелеком» АҚ  инновациялар бойынша бас директоры «Көп қабатты тұрғын үйлерге орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында тұрмыстық қылмыстар азаюда. Кіре берістердегі шамдарды сындырып кету, ұрлау, велосипед, балалар арбасының ұрлануы азайды.Сондай-ақ, осыдан екі жыл бұрынғы проблема-қоқысты кіре беріске тастап кету жоқ қазір. Себебі, камераға түсіп қалатынын біледі».

Ал қазір  ІІМ өңірлердің жедел басқару орталықтарына қосылған 6 мыңға жуық бейнебақылау камераларын пайдаланады. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 408 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сергей Варго – ҚР ІІМ ақпараттандыру және байланыс департаментінің басшысы «ІІМ бейнебақылау камераларын қоғамдық жерлерде, бұрылыстарда орнатады. Қазақтелекомның камерасы тұрғын үйлердің кіре берісіне қойылады. Республика бойынша қазір 350 мың пәтерді қамтитын кіреберістерде 30 мыңнан бейнекамера орнатылған.Бұл қылмысты тез ашуға мүмкіндік береді. Қылмыстар азайды».

ІІМ соңғы аптадағы мәліметіне сүйенсек, елде 3 мың 200 аса қылмыс тіркеліп, соның 2 мыңнан астамы ашылды. Өкінішке орай 8 кісі өлімі тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.