Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙТАРЫЛҒАН КАПИТАЛДЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЙМЫЗ?

c 01:41, 29/09/2023 c 48

0:00 / 0:00

Халықаралық рейтингтер бойын¬ша, Қазақстан капиталдың тұрақты түрде шетелге жылыстатылуы жөнінен әлемдегі 20 елдің қатарында тұр. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстанннан 200 млрдтай АҚШ доллары сыртқа шығарылған. Бұл – Ұлттық қордағы қаржыдан төрт еседей жоғары дейді мәжілісмен Жаңбыршин. Өздеріңізге мәлім, Парламент "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң әзірлеп, қабылдады. Үкімет қайтарылған қаржыларға әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептерді салуды бастадық деп отыр. Дегенмен депутаттар шетелге заңсыз асып, елге қайтарылған капиталды тек әлеуметтік нысандар салуға ғана жұмсамай, энергетикалық нысандар салуға, зауыт, фабрикаларды соғуға жұмсау керек деген ұсынысты алға тартты.

Жаңбыршин тозығы жеткен жүйені жаңарту үшін тарифті өсіріп, халыққа жүктеме салып, қазынадан қаржы тартқанша қайтарылған капиталды осыған жұмсаған жөн дейді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 837,4 миллиард теңге қайтарылған деген ақпарат жарияланғанды. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев соңғы мәліметтерді ұсынды.

Депутаттар қайтарылған қаржылар мен активтердің көлемін және олардың қайда жұмсалып, кімдер игеріп жатқанын азаматтық қоғам білуі тиіс дейді. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа осы мәселеге қатысты барлық мәліметтер арнайы интернет сайтта ашық жарияланып, әр қазақстандық кез-келген уақытта көріп отыруы тиіс деген талап қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.