Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Интернет жыры

c 11:35, 30/10/2020 c 415

0:00 / 0:00

Цифрланған Қазақстанда сапалы интернетке қол жеткізу қиындап отыр. Пандемия осал тұсымызды көрсетіп қойды. 4 751 елді мекен бойынша жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн халық интернетпен қамтылған. Алайда, оның сапасы нашар. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин интернет сапасын арттыру үшін  «Ауылға оптика тарту» жобасын енгіздік дейді. 1257 ауылға оптикалық желілер тарту көзделген. Бұған  75 млрд теңге сомасында операторлардан инвестиция тартылған.

Елде ковид жайлап жатқалы 8 айдың жүзі болды. Қауіпті індеттен сақтану мақсатында қашықта жұмыс істеп, онлайн оқуға бой үйреттік. Алайда, цифрланлы елде интернет сапасының нашарлығына тап болдық. Цифрланған министр  Бағдат Мусин елімізді интернетпен толықтай қамтамасыз ету оңай шаруа емес деп ағынан жарылды. Министр интернет тарту, су мен газ тартқандай боладыдейді.

Министр бүгінде ел халқының 17,5 млны интернетке қол жеткізіп отыр дейді. Алайда сапа мәселесі күн тәртібінен түспей отыр.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше,  бүгінде 6 459 елді мекен әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспары бар. Министр ауылдардың 69 пайызы интернетпен қамтылған дейді.

Естеріңізде болса, Мусин сенат отырысында елдегі интернеттің сапасын арттыру үшін талалаптарды қатаңдатуды, телекоммуникациялық операторлардың қызметіне салынатын айыппұлды көбейтуді ұсынғанды. Бүгінде  сапасыз жұмыс үшін тек 100 АЕК сомасында ғана айыппұл салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.