Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕС

c 10:04, 08/09/2021 c 661

0:00 / 0:00

Үкімет инфляциямен күреске екі қолын сыбана кірісті. Бағасы шарықтап кеткен азық-түлік құнын қалай төмендетпек? Бұған министрлер кабинетінің өз жоспары бар. Бүгін өткен Үкіметтің онлайн  отырысында 2021 - 2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету қадамдары қаралып, тиісті құжат жобасы мақұлданды.

Пандемия кезінде халықтың әл-ауқаты төмендеді. Азық-түлік, күнделікті қажетті заттардың құны шарықтады. Қазір қазақстандықтардың айлап тапқан жалақысы қант-шайынан аспай қалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке баға күн санап өсіп жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауында елдің қамын қамту айтылғанды.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкті инфляциямен күресте дәрменсіз деп сынады. Енді Асқар Маминнің кабинеті мен  Ұлттық банк басты міндетіміз– инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару деп отыр. Қазақстанда инфляция 8 айдың қорытындысы бойынша 8,7%-ды құрады.  Оның 50%-дан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр.

Өз кезегінде Ұлттық банк инфляцияны тұрақтандыру  үшін  импорт пен экспорт тауарларын өндіруді сақтай отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыру бастамаларын іске асыруды ұсынды.

Досаев бұл шаралар азық-түлік инфляциясын 2022 жылы 6%-ке дейін және 2023-2024 жылдары 5%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп сендірді. Осылайша шарықтап кеткен инфляциямен күреске  екі қолын сыбана кіріскен үкімет  бағаны ұстап тұру үшін 2021 - 2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету  жобасын әзірлеп, жүзеге асыруды көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.