Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ҚЫСЫМ»

c 10:55, 13/10/2021 c 2009

0:00 / 0:00

Қазақстанда азық-түлік, жанар-жағар май бағасы жарыса шарықтап жатыр. Ұлттық банк ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша республикада инфляция 8,9 пайызға өсті деп мәлімдеп отыр. Елдегі бағаның өсуіне сыртқы фактордың да әсері бар дейді бас банкир Ерболат Досаев. Ол Ресейдегі инфляциялық фон Қазақстанға инфляциялық қысым жасап отыр дейді. Үкіметтің селекторлық отырысында ел экономикасының өсімі мәселесі талқыланған еді.

Министрлер кабинеті статистиканы алға тартып, елде экономикалық өсім бар деп жарыса жариялағанымен. Көзбен көріп, қолмен ұстап отырған қымбатшылық жеп барады. Азық-түлік бағасы, оның ішінде әлеуметтік маңыздылығы бар тамақ өнімдері, жанар-жағар май мен көмір отынының құны аспандап кетті. Алтын күздің берер молшылығында көкөніс пен жеміс-жидектің де бағасы дес берер емес. Ұлттық банк Қазақстанда инфляция 8,9%-ке жетіп, жылдамдауын жалғастыруда деп дабыл қағады. Еске сала кетейік, жаз айларында азық-түлік 10,4 пайызға қымбаттап, қыркүйекте сәл төмендеген болатын. Алайда, көріп отырғанымыздай баға тағы да өсті. Елорданың дүкен сөрелері мен базарларындағы баға қайнап тұр. Жылқы етінің келісі 3500, сиыр еті 2500,ал қой етінің келісі 2800 теңгеден сатылып жатыр.
Өндірістің ұлғаюы мен экспорттың тоқтауына қарамастан, дизель отынының тапшылығы орын алуда. Бұл инфляциялық қысымды күшейтіп, басқа тауарларға жанама әсер етіп жатыр. Бас банкир елдегі инфляцияға Ресейдің де әсері бар дейді.
Жылу беру маусымы басталғалы, көмір отынын тұтынатын аймақ халқы тағы да қымбатшылыққа тап болып жатыр. Қазір көмірдің тоннасы 20 мың теңгенің үстінде. Не керек, елде қымбаттамаған зат қалмады. Үкімет басшысы болса, министрлер мен әкімдерге бағаны тұрақтандыру шараларын қолға алуды тапсырып отыр.
Бұл қарқынмен үкімет Президенттің халыққа жолдауында инфляция дәлізін 4-6 пайыз деңгейіне қайтару туралы тапсырмасын орындай ала ма?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.