Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНФЛЯЦИЯ ШАРЫҚТАП БАРАДЫ

c 18:17, 15/03/2022 c 432

0:00 / 0:00

Қазына қаржысын дұрыс игермеу үрдісі әлі де орын алып отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәліметінше, ағымдағы жылдың 2 айында министрліктер 55 млрд теңге бюджет қаражатын игермеген. Ал геосаяси ахуалдың нашарлауы мен сыртқы тәуекелдер жағдайында инфляция болжамын көтеру мәселесі қайта қаралып жатыр. Себебі, елде инфляция жеделдеп, болжаған дәлізден асып отыр дейді бас банкир Ғалымжан Пірматов. Бүгін үкіметтің отырысында бюджеттің кірісі мен шығысы талқыланған еді.
Бюджеттің кірісі мен шығысын, баға саясатын талқылаған министрлер кабинеті мәселені қазына қаржысының атқарылуынан бастады. Өкінішке орай, бюджеттен бөлінген қаражатты дұрыс игермеу үрдісі әлі де сақталып отыр. Министрліктер мен әкімдіктер шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ рәсімдеу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдамау, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі себебінен қазына қаржысын толыққанды игере алмауда.

Ал бас банкир инфляция шарықтап бара жатыр деп дабыл қақты. Пірматов геосаяси ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстанда инфляция жеделдеп, болжанған дәлізден асып отыр дейді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, энергия, металл және ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуіне байланысты жаһандық инфляцияның жоғары мәні әлі ұзақ сақталмақ. Бұл үрдіс ішкі бағаларға қысым жасайды. Мұндай жағдай халықтың қалтасын қағатыны сөзсіз. Сол себепті үкіметке қазақстандықтардың табысын арттыру жұмысын жеделдетіп, күшейтуге тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.