Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ИНФЛЯЦИЯ 15 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ»

c 09:15, 15/06/2022 c 749

0:00 / 0:00

Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов 2022 жылдың соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады деп болжап отыр. Бұл жайында ол Үкімет отырысында айтты. Ағымдағы жылдың мамыр айында инфляция рекордтық көрсеткішке жеткенді. Алайда бұл көрсеткіш әлі өсуі мүмкін. Пірматовтың айтуныша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі біршама жеделдейді деп күтіледі. Ол жанар-жағармай бағасы реттелетін өсіммен тежеледі. Ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді.

Әлемде орын алып отырған қымбатшылық, Қазақстанды да айналып өтпесі сөзсіз. Үкімет елдегі қымбатшылықпен күресе алмай отыр. Баға күннен -күнге шарықтап жатыр. Азық-түліктен бастап, барлық қызмет түрлеріне баға өсіп, халықтың қалтасын қағуда. Қазақстанда инфляция деңгейін тұтыну себеті арқылы есептейді. Отбасының орташа тұтынатын тамағы, күн көріске қажет тауарлары мен қызмет түрлері бойынша есептеледі. Алайда, тапқан табысы бағасы күйіп тұрған етке жетпейтін, автокөлікпен жүрмейтіндер де бар. Ал етсіз жегені ас болмайтын, көліктің түр-түрін мініп, жиі ауыстыратындар да баршылық. Геосаяси ахуал бағаның өсуіне әсер етіп отыр. Украинадағы соғыс, Ресейге салынған санкциялар және теңгенің құнсыздануы қазақстандық бизнеске кері әсерін тигізуде. Еліміздің бас банкирі жыл соңында инфляция деңгейі 15 пайызды құрауы мүмкін деген жағымсыз болжамын алға тартты.

Сарапшылар бағаның бұдан әрі өсуі, импортпен келетін тауарлар тапшылығы орын алады деп болжап отыр. Дегенмен Үкімет басшысы инфляция деңгейін тежеуге болады деп сендіреді.

Болмаған жағдайда министрлер мен әкімдерге шілде айында мемлекет басшысының қатысуымен өтетін жиында есеп беруге тура келеді деп ескертті үкімет басшысы. Импортпен келетін қанттың өзі қазір ақ алтынға айналды. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов шетел асып қант жеткізу жолдарын шешуге тырысып-ақ жүр. Бірақ нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Қант бағасы қымбаттады, тапшылық орын алып отыр. Ал шененуіктер болса дүкен сөрелерінде қажеттің бәрі болады, баға тұрақталады деген бос уәдесін айтудан шаршамайды. Өкінішке орай 30 жылда Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамту мәселесін шешпеді, импортқа тәуелділіктен арылған жоқпыз. Отандық өндірушілердің күші нарықты толық қамтуға жетпей жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.