Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Індетпен күрес

c 21:24, 07/07/2020 c 452

0:00 / 0:00

Өткен аптада қауіпті індеттен  76 адам қайтыс болған, одан  бөлек тағы 110 науқастың өлімі зерделеніп жатыр. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте мәлімдеді.  Өздеріңізге мәлім, министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын  аптасына бір рет жариялауға көкшкенді.  Елде індет басталғалы COVID-19 жұқтырған 264 қазақстандық көз жұмды.  Жалпы республикада 49 мың 683 жағдай тіркеліп отыр. Оның 16 мың 298-і індеттен сауығып шықты. Ал елдегі аты жаман аурумен күреске қазынадан 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  бұл қаражаттың қайда, қалай жұмсалып жатқаны туралы сұраққа жауап берді. Елдегі індетпен күрес барысы жайында тілшіміз Әселім Қалкен баяндайды.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігін тізгіндегелі дәрі-дірмек тапшылығын жойып жатырмыз деуден жалығар емес. Алайда, министрдің сөзі мен ісі келіспей отыр. Әлі күнге едйін елдегі дәріханалардан жаныңа дауа болатын қажетті дәрілерді табу мүмкін емес. Министрлік бүған ортадағы алып сатарларды кіналап отыр. Ресми мәліметке сәйкес, бір күннің ішінде Қазақстан бойынша  дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан 46 адам полицияғи жеткізіліп, олардан сан алуан дәрілердің 20 884 қаптамасы тәркіленген.Алып сатарлар көпшілік қол жеткізе алмай жүрген дәрілердің құнын шарықтап сатқан. Бұл орайда дәріхана қызметкерлері алып сатарламен ауыз жаласқан деректер де тіркеліп отыр. Осылайша елдегі дәрі тапшылығының себебін тапқан министр, жалпы пандемия барысына қазынадан 114 млрд 826 млн теңге бөлінгенін айтады. Министр бұл қаражаттың қайда, қалай жұмсалып жатқанын түсіндіруге тырысты.

114 млрд 826 млн теңгенің 40 млрд 58 млн Үкімет резервінен бөлінді. 21 млрд 184 млнға жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. 2 миллиард 30 миллионға дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алдық. 2,5 миллиард теңгеге зертханалық жабдықтар, коронавирусты анықтау үшін тест-жүйелер алынды. 100 миллион теңге коронавирусты анықтауға арналған  реагенттер жиынтығын жасау мен шығару бойынша қызметтерді сатып алуға бөлінген. ПТР тестке 13,7 миллиард теңге, 310 миллион теңге отандық өндірісттегі ИВЛ аппараттарын сатып алуға, жедел жәрдем көліктерін жабдықтауға. 131 миллион теңге азаматтарды эвакуациялауға бөлінді».

Тәзе берсек, қазынадан бөлінген млрдтар коронавируспен күреске жұмсалып жатыр екен. Алайда, ақша бар да, науқасқа қажетті дәрі мен медициналық жабдықтар неге жетпей жатыр деген сұрақ туындайды. Күн сайын мыңдаған адам індет жұқтырып жатыр. Ал коронавирустан көз жұмғандардың 264 адамды құрады. Күнде жаназа, қазақ елі қара жамылып отыр.

Бұған қоса, індет жұқтырып, сауыға алмай көз жұмып жатқандар аздай, өкпенің қабынуы да елде өршіп кетті.

Министрлік мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте 450 науқас стационарға түсті. Реанимацияда ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті әйел, босанғаннан кейінгі әйел мен 1 бала бар. Осы науқастардың 72%-ы - жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына тиесілі. Коронавирустан қайтыс болғандардың жартысы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы мен Алматыды тіркеліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.