Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ГОЛ САЛМАЙТЫН, ҚАЗЫНАҒА ҚОЛ САЛАТЫН ФУТБОЛ»

c 08:55, 18/11/2021 c 1247

0:00 / 0:00

Гол салмайтын, қазынаға қол салатын футболды қаржыландыруды тоқтату керек дейді депутат Қазыбек Иса. Мәжілістің жалпы отырысында ақжолдықтар футболға тым көп қаржы құйылып жатқанын, алайда еш нәтиже жоғын айтты. Осыдан 3 күн бұрын футболдан әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан командасының Франциядан 8:0 болып ұтылуы, футбол тарихындағы масқара есеппен жеңілуі елдің наразылығын тудырып отыр дейді депута Иса. Мәжілісмен келтірген мәліметттерге сүйенсек, соңғы үш жылдағы облыстық әкімдіктердің кәсіби клубтарға бөлген қаржысы 111, 2 млрд. теңгені құрайды. Футбол әлемі бойынша барлық анық ақпараты бар transfermarkt.com сайтының мәліметі бойынша Қазақстан футболының бір жылдық бюджеті -133 млрд теңге. Ал федерацияға республикалық бюджеттен, УЕФА-дан, Самрұқ-Қазынадан, демеушілер бөлген қаржыларды қосар болсақ, олардың есебі жоқ–өйткені ресми мәліметтер жоқ.

Қазақ футболы қашан дамиды? Бұл футбол жанкүйерлерінің арманына айналды. Мәжілісмен Қазбек Иса қазақ футболының дамымай жатқанын айтып ашынды. Осыдан 3 күн бұрын футболдан әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан командасының Франциядан 8:0 болып ұтылуы, футбол тарихындағы масқара жағдай дейді депутат. Футболға қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Алайда нәтиже жоқ.

Тағы бір мәселе. Қазақстанда мықты футболшы тапшы деген сылтау бар. Өз футболшыларымызды дайындаудың орнына, миллиондап жалақы төлеп легионерлерді жалдаймыз. Шетелге талай футбол құмар балаларды жіберіп оқытқанымен, оның да жемісін көре алмай отырмыз. Осылайша халықтың салығы қазақ футболын дамытуға емес, шетел футболшыларын байытуға жұмсалып жатыр дейді депутат.

Қазақстан 30 жылда 1 ғана стадион салса, футбол бюджеті бізден екі есеге аз Өзбекстан 10 стадион салып тастаған.ФИФА рейтингісі бойынша Қазақстан 125 орында. Ал ТМД бойынша футбол бюджеті ең аз – Қырғызстан 96-орында тұр. Қазыбек Иса Қазақастанның ешбір футбол клубы әлемдік рейтингте 100-діктің қатарына кірмеген. Ал 200-діктің соңында тұрмыз деп ашуланды. Сондықтан депутат гол салмайтын, қазынаға қол салатын футболды қазынадан қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды.

Ақжолдықтар мемлекет қаржысы балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, футбол мектептерін дамытуға, балалар бапкерлерін дайындауға жұмсалуы керек. Ауылдардағы талантты балаларға жағдай жасалуы тиіс дейді. Аудан орталықтарында, қала маңында да тегін футбол алаңдарын салуды ұсынады. Ал секциялардағы жаттықтырушыларға педагогтармен тең лайықты жалақы төлеу керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.