Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ГАЗ ҚОСУ ҮШІН БОПСАЛАҒАН

c 03:36, 13/01 c 37

0:00 / 0:00

Ұлытау облысының Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылы ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосыла алмай отырған. Оған газ тарту ісімен айналысатын "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының қызметкерлерінің заңсыз әрекеті себеп болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, компания мамандары тұрғындардан 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша талап еткен. Осылайша олар газ тарту жұмысын тездетеміз деген сылтау айтқан.

Тұрғындар өткен жылдан бері газ тартуға қатысты заңсыздықты айтып, шағымданып жүргенді.

Енді халықтың жанайқайы құзырлы органдарға жеткеннен соң ғана іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аганеттік өкілі қазіргі таңда ауылдарды газдандыру мәселесі шешілді. Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары агенттіктің аумақтық департаментінің қызметкерлері араласқаннан кейін газға қосылды", - деп отыр. Оның дәлелі ретінде жергілікті тұрғындардың сұқбаты да жолданыпты.

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарды өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.