Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еуразия үшін 10 тәуекел

c 19:10, 11/11/2019 c 430

0:00 / 0:00

Елордадағы Astana Club отырысында Еуразия үшін ең қаупті 10 қауіп-қатер таныстырылды. Рейтингтің екінші басылымы елордада өткен саяси форумның бесінші мерейтойлық жиналысында ұсынылды. Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика институтында айтылғандай, зерттеуге 40 беделді сарапшы қатысты. олардың пікірін мемлекет басшылары ескереді.

Евразия - жер шарындағы ең үлкен құрлық, онда ғаламдық халықтың 60%, дүниежүзілік жалпы өнімнің 65% және энергия ресурстарының 75% шоғырланған. Сондықтан, сарапшылардың пікірінше, Еуразия көптеген қиындықтар мен қауіптерге ие. Осындай рейтингтердің мақсаты - аймақтағы ең маңызды тәуекелдерді бағалау және сценарийлік болжау жасау. Биыл жиынға 40 жаһандық сарапшы қатысты. Еуразия үшін негізгі қауіп қатерлер қатарына аймақтағы сауда соғыстары, ядролық ракета катери, сонымен қатар жаңа технологиялар саласындағы үстемдік үшін күрес кірді. Ең бастысы, Astana Club сарапшылары 2020 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс қаупі туралы ескертеді. Әрине, сарапшылар қару қаупі туралыда ескертті. мысалы, АҚШ-тын Қытаймен шекаралас маңында зымырандарды орналастырғысы келетіні туралы айтылды. Құрама штаттар  орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандарды орналастыру туралы келісімнен ресми түрде шыққан. Бірақ, ресми емес кездесулерде Қытаймен шекаралас жерлерге кешендер салу ниеті әлі де сақталған. ресей сарапшыларынын пикиринше, Америкалықтар мұның себебін Қытаймен қақтығыста одақтастарды қолдау керек деп түсіндіреді.

Евгений Божинский - пир орталығының төрағасы; «Ақш келісімнен шықты. себебін олар ресей жағы келісімді бұзды дейді. бірақ бұл сылтау. Ресми емес кездесулерде олар зымырандарды азияда орналастырғысы келетіндігін жасырмайды. Және оның себебін ақш Қытаймен қақтығыста одақтастарын қолдау керек деп түсіндіреді».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.