Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Эпидемиологиялық ахуал

c 20:37, 19/06/2020 c 429

0:00 / 0:00

Қазақстанда коронавируспен ауырған 24 мыңға жуық науқас тіркелді . Оның ішінде 16 351 симптоммен, ал 7 609 симптомсыз. 13 716 науқас емін жалғастырып жатыр, 10 139 науқас жазылып шықты, 105 науқас қайтыс болды. Бұл жайында  денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева  үкіметтің онлайн отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда бір коронавирус жағдайына 78 тестен келеді. Бұл Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Италиядағы тестілеу деңгейінен жоғары. Елдегі эпидемиологиялық ахуал үкіметтің отырысында талқыланған еді. Толығырақ тілшіміз Әселім Қалкен баяндайды.

Өздеріңізге мәлім,  ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына орай карантин талаптарын күшейітті. Алдағы демалыс күндерінде бірқатар өңірде көлік, қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ал адам көп жиналатын ірі сауда орындары, саябақтар, сауда базарлары түгел екі күнге жабылатын болды. Бүгін түнде елордадан шығатын жолдар жабылады. Ал шаһардың бас санитары астаналықтарға демалыс күндерге қажетті азық-түлікпен қамданып алуға кеңес берді. Сенбі, жексенбі күндері тек үйдің маңындағы шағын азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейтін болады. Елде қауіпті дертті жұқтырғандардың жалпы саны 24 мың адамға жетіп қалды. Министрдің міндетін атқарушы Ақтаева ханымның айтуынша, Қазақстан  тест тапсырушылар саны бойынша АҚШ, Италия елдерінен асып түскен.

Ләззат Ақтаева – ҚР денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы «Бүгінгі күн тестілеу қуаты тәулігіне 28 мыңға дейін жеткізілді. Барлық КВИ-ге 1 млн 270 475 адам жүгінді. Қазақстанда 1 КВИ жағдайына 78 тестен келеді. Бұл Ресей, АҚШ, Канада, Австрия, Италиядағы тестілеу деңгейінен жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда  6 824 тестті құрайды»

Елде COVID-19 тестілеуі бойынша 56 зертхана жұмыс істейді.Мұның өзі жетепй отыр. Зерттеу орталықтары тест нәтижелерін кешігіп беруде. Ал тест тапсыруға кезекте тұрғандар саны бағасының қымбаттығына қарамастан асып отыр. Енді бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы  бойынша тәулігіне 30 мың тест, ал мемлекеттік мекемелер және жеке сектор зертханалары есебінен тәулігіне 35 мың тест алу  жоспарланып отыр.Тек соңғы аптада республикада 5,5 мың жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 1,9 есеге өсті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы екпені жасауды бастады.  Осы жылдың 5 айында 1,5 млнға жуық адам егілді.Бұл елде  вакцинамен қамтуға жататындар санының 92%  құрады. 1423 адам вакцинадан бас тартып, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Екпеден бас тартып жатқандар әртүрлі себептерді алға тартады.

Ләззат Ақтаева –ҚР денсаулық сақтау вице-министрі «Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмағы – жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тартудың 52,9%-ын құрайды. Діни пайымдаулар бойынша – 29%, вакцинаға сенімсіздік – 11%, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6%. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді»

Еске сала кетейік, халық денсалуығын қамтитын Кодексте міндетті екпе жасау нормасы қамтылған. Міндеттеу бар, мәжбүрлеу жоқ. Алайда, екпе жасатпаған баланың балабақшаға баруы оңайға түспейді. Кодекс қазір Парламент қабырғасында талқылануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.