Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЖЫЛ САЙЫН ӨСІРУ КЕРЕК»

c 10:11, 09/09/2021 c 597

0:00 / 0:00

Еңбекақыны жыл сайын өсіру керек. Мәжіліс депутат Ерлан Смайлов үкіметке жолдаған сауалында ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсіру аздық етеді деді. Депутат министрлер кабинетінен «Дамыған елдердегідей ең төменгі жалақыны белгілеу» туралы Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясын ратификациялауды сұрады.  Оның айтуынша, Қазақстанда еңбекақы үш жылда бір рет өседі. Ал азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап жатыр.

Бұған дейін еліміздің  Кәсіподақтар федерациясы  ең төменгі жалақы мөлшерін орташа жалақының 50% дейін жеткізу мәселесін көтергенді. Инфляция өскен сайын, жалақы мәселесін де қарастырып отырған жөн дейді сарапшылар. Алайда, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жыл сайын емес, ай сайын өседі. Бірақ халықтың еңбекақысында өзгеріс жоқ. Инфляция қазақстандықтардың табысын жеп жатыр. Бүгінде елде ең төменгі жалақы көлемі 42 500 тг құрайды. Енді Президент Жолдауында айтылғандай ол 60 мың теңгег өспек. Алайда, мәжіліс депутаттары мұның өзі аздық етеді деп отыр. Себебі, әр қазақстандықтың қажетіне жоқ деген айына 89 мың теңге қаражат қажет.

ЕРЛАН  СМАЙЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ - «Отандық зерттеу институты өткізген сауланама көрсеткендей Қазақстанда бір адамның күн көрісіне айына жоқ дегенде 89 мың 318 теңге қажет. Біздің еңбек және экономика министрліктері халықтың әлеуметтік-эокномикалық жағдайын жақсартуда немқұрайлық танытып отыр. Жүйе жоқ.Үкімет тез арада «Дамыған елдерді есепке ала отырып ең төменгі еңбекақыны бекіту» туралы Халықаралық еңбек ұйымының келісімін ратификациялауды ұсынуы керек.    Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны көтеруге қатысты жүйелі жұмысын әзірлеуі тиіс».

Қазақстан осымен үшінші жыл қатарынан еңбекақы рейтингі бойынша соңғы орында тұр.Елде ең төменгі жалақы көлемі 88 долларды құрайды. Ал әлемдегі 56 елдің ішінде бұл көрсеткіште Люксембург көш бастап тұр. Онда ең төменгі жалақы көлемі 2241 долларды құрайды. Алайда, экономистер Қазақстанда төменгі жалақыны дамыған елдердегідей көтеру мүмкін емес дейді.

Депутаттардың пікірінше, еңбекақы жыл сайын көтерілуі керек. Ал Қазақстанда еңбекақы үш жылда бір рет өседі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.