Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ

c 09:34, 23/10/2021 c 1285

0:00 / 0:00

Қазақстанда 9 айда өндірісте 140 адам қаза тапты. Осы уақытта еліміздің кәсіпорындарында 1062 адам зардап шекті. Бүгін өткен баспасөз маслихатында еңбек министрлігінің өкілдері зардап шеккендердің көбі тау-кен металлургия кәсіпорындарында тіркеліп отыр. Ол 19%-ды құрады. Ал құрылыс саласында 11,3% болса, коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнында да осындай оқиғалар жиі тіркеледі. Жұмыс орындарында жарақаттанудың жоғарғы деңгейі Қарағанды, ШҚО, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Қазақстандық жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамту үшін қабылданып жатқан шаралар көңіл қоншытпайды. Еңбек заңдылығын тексеретін еңбек инспекторлары тапшы.
Мәтін. Еңбек министрлігі жүргізген тексерулер нәтижесі көңіл қоншытпайды. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Оның 30%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына тиесілі болып отыр. Ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киім-кешекпен қамтылмаған. Осы 9 айда өндірісте бір мыңнан астам адам жарақат алып,140 адам қаза тапты. Бұл өндіріс орындарында қауіпсіздік шарасының сақталмағынын білдіреді.

Кәсіпорындарда орын алып отырған әр оқиға бойынша еңбек инспекторлары тексеру жүргізеді. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккендердің көбісі тау-кен металлургия кәсіпорындарында, құрылыс саласында, коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнында да тіркеледі. Жұмысшылардың өндірістерде жарақат алуы Қарағанды, ШҚО, Ақтөбе, Павлодар облыстарында көп орын алады. Құрылыс жұмысы қарқындап тұрған елордасында да мұндай жағдай жиі тіркеледі. Бірақ Қазақстанда еңбек инспекторлары тапшы болып отырғанда, барлық жұмыс орындарындағы заң бұзушылықты анықтап, бақылауда ұстау қаншалықты мүмкін.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, халықаралық еңбек қауымдастығының ұйғарымы бойынша, он мың жұмысшыға бір еңбек инспекторы тіркелуі керек. Ал біздің елде еңбек инспекторлары үш есеге аз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.