Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ КӨЛЕМІ ДҰРЫС ЕСЕПТЕЛМЕГЕН»

c 21:10, 11/02 c 36

0:00 / 0:00

160 елдің ішінде орташа жалақы көлемі бойынша Қазақстан 80 орында тұр. Бұл екі жылдан бері соғыстан көз аша алмай жатқан Украинадағы жалақы деңгейінен төмен. Инфляция шарықтап, қымбатшылық қысып жатқанда қазақстандықтардың тапқан табысынң көп бөлігі тамақтан аспай қалды. Ал шетел аралап саяхаттау, жеке қажетіне шығындану дегенді көбісі жоспарлаудан қалды. Я болмаса несиеге батып, қажетін қамтуда. Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбейе бастады. Қазақстанда Кейтц идексі өткен жылы 29,4 пайызды құрады. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 60 пайыз. Бізде орташа жалақы көлемі 390 мың теңгені құрайды. Яғни Кейтц идексіне сүйенетін болсақ, ең төменгі жалақы көлемі 190 мың теңге болуы керек. Кәсіподақ өкілдері Қазақстанда ең төменгі айлық дұрыс есептелмеген деп отыр.

МҰХТАР ТІНІКЕЕВ – ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біз үнемі Үкімет ең төменгі жалақыға қатысты соманы қайдан алады?- деп ойлаймыз. Естеріңізде болар көп жылдар бойы ең төменгі жалақы 24 500 теңге болды, кейін 49 500, 60 мың теңгені құрады. Бұл сандарды қайдан алады? Егер жұмыс берушілер жалақыны 7-10%-ға көтереміз десе, бұл шын мәнінде индекстеу, ол айлықты көтеру деген сөз емес. Кәсіподақтар федерациясы индекстеуді заңнамалық тұрғыдан реттеуді талап етеді. Халықаралық Еңбек ұйымының индексі бар. Онда үкімет орташа жалақыны 300 мың теңге десе, осы индекс аясында ең төменгі жалақы көлемі 150 мың теңге болуы керек».

Бұл әлемдік тәжірибе. Сондықтан біздің елде де ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесінің болуын талап етіп отыр кәсіподақ өкілдері. Тінікеевтің айтуынша, қазір кәсіподақтарда жұмыс берушінің ұстанымымен келіспеген жағдайда заңды шерулер өткізу құқығы жоқ. Өткен жылы Қазақстанда 80 шеру болған, оның бір бөлігі Маңғыстау облысында орын алды. Наразылық акцияларының басым бөлігі заңсыз деп танылды. Сөйте тұра, наразы топтың талаптары орындалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.