Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордаға әкім болу оңай емес

c 17:38, 18/12/2019 c 614

0:00 / 0:00

Аты шулы LRT құрылысын аяқтауға тура келеді. Нұр-Сұлтанда әлі 22 мектеп салу керек. Үлескерлер мәселесі,иесіз, қараусыз қалған кәріз желілері проблемасын шешу қажет. Қаладаға кептелісті азайту үшін көпір салу, аурхана салу,газ тарту, жастарды баспанмен қамту тізе берсек елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атқаратын шаруасы шаш етектен. Батыс Қазақстан өңірін басқарып келген Көлгіновке млн тұрғыны бар Нұр-Сұлтанды басқару оңайға түсіп жатқан жоқ. Әкімнің бүгінгі журналистер алдындағы есебінде, тап-тамаша сандар мен көрсеткіштерден гөрі, шешімі табылмай жатқан проблемалар көп айтылды. Толығырақ Әселім Қалкеннің бейнематериалынан.

Алтай Көлгіновтің елорда әкімі болып тағайындалғанына алты ай болды. Жарты жылда атқарған жұмысына есеп берген әкім, млндар қаласында мәселе көп екенін айтады. Соның бірі жемқорлардың аш-көздігінен құрылысы аяқсыз қалған ЛРТ жобасы. Әу баста Қытайдың коммерциялық банкінен 20 жылға несие алынып,  800 млн доллар артығымен төлейтін болғанды. Алайда, бұл жоба аясында млрдтаған соманы жымқыру орын алып, әкімдік ол несиеден бас тартып, қазақстандық банктен қарыз алып, құрлысын жалғастырмақ. Осылайша 1,2 млрд долларды үнемдедік, дейді Көлгінов.

Нұр-Сұлтандағы тағы бір мәселе-мектептердегі орын тапшылығы. Халық саны өскен сайын  мектептерге  салмақ түсіп отыр. Қалада 115 мектепте 182 мың бала оқиды. Әкім 60 млрд теңгеге 22 мектеп салуды жоспарлауда.
Нұр-Сұлтанда баспанаға қол жеткізе алмай жүрген жастар мәселесі де өзекті. Биыл жастарға арналған жалдамалы пәтерге 6,5 мың жас отбасы өтініш білдірген. Ал оның тек 1050 ғана бұл бақытқа қол жеткізді. Елордалықтар жастарға жалдамалы пәтер беру аясын кеңейтуді сұрап отыр.

Өздеріңізге мәлім қылышын сүйреп қыс келген сәтте, электр энергиясы желісінде апат орын алып, елордалықтар жарықсыз қалғанды. Бұл әкім Көлгінов үшін бетпе-бет келген үлкен проблема болды. Қазір Нұр-Сұлтанда  680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған нысан мен электр, кәріз желілері анықталды. Олар балансқа алынбаған. Енді осыны реттеу жұмыстары жүріп жатыр дейді ол. Сондай-ақ, қалада көлік кептелісі де проблемаға айналғалы қашан. Қазір қалада 500 мың көлік бар. Осыған орай Есілдің бойына үш көпір салынбақшы.  Бұған дейін Батыс Қазақстан облысын басқарып келген Көлгіновке алып қалаға әкім болу оңайға түсіп отырған жоқ екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.