Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙ  УШЫҚТЫ

c 09:34, 08/07/2021 c 697

0:00 / 0:00

Елордада COVID-19 жұқтырған науқастар саны күрт артты. Осыған орай ел астанасында қауіпті індеттен  емдеуге арналған тағы екі аурухана ашылды. Олар: 230 төсектік қалалық психикалық денсаулық орталығы және 90 төсектік  Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Қазір Нұр-Сұлтанда індет жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан науқастар саны  1 877  адамды құрайды. Ауруханаларда төсек-орындарының 77%-ы толды. Оның ішінде 147 пациент  реанимация бөлімшесінде, ал 30 адам жасанды тыныстау аппаратында жатыр. Республика бойынша соңғы тәулікте 2711 адамда ковид анықталса, соның 799-ы елордада тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандардың күрт өсуіне  байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана жұмысын бастады. Жалпы елордада қазір күні 14  аурухана ковидтен емдейтін орталық ретінде жұмыс істеп жатыр. Мереке күндері қауіпті індетті жұқтырғандар саны тәулігіне 700 адамнан асып жығылды. Қазақстан бойынша бас қала бұл көрсеткіште көш бастап тұр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы науқастар санының артуына байланысты  сол жағалаудағы психикалық денсаулық орталығы мен  қорғаныс  министрлігіне  қарасты  әскери госпитальді де ковидтен емдейтін стационар ретінде қолдануда.

Өткен жылы дәл осы уақытта қалада 18 инфекциялық орталық науқастардың өмірі үшін күрескен болатын. Жағдай түзеліп бұл орталықтар жабылған еді. Енді міне қалада эпид жағдай ушығып, аталған ауруханалар қауіпті жұмысқа қайта кірісіп жатыр.  Дәрігерлер вакцина — коронавируспен күресудің жалғыз және  тиімді әдісі дейді. Алайда, дәл қазір шаһарда екі вакцина түрі ғана қалды. Сондықтан елордалықтарға барға қанағат етуге тура келетін сияқты.

Республика бойынша соңғы тәулікте 2700 –ден астам адамда ковид анықталса, соның 800 жуығы елордада тіркеліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.