Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады

c 00:49, 18/06/2020 c 500

0:00 / 0:00

Еліміздің бас қаласы-Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Қазақстанда  коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 15 ,5 мыңнан асса, елордада инфекциясын жұқтырудың 2 951 дерегі тіркелді.Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте хабарлады.

Ел астанасында қауіпті індеттің таралуы үдеп барады. Дәрігерлер қалада эпидемиологиялық ахула нашарлады деп дабыл қағуда. COVID жұқтырғандар саны күн сайын жүздеген адамды құрап отыр. Қала ауруханалары науқастарға лық толы. Нұрсұлтандықтарға карантин талабын сақтап, көпшілік жиналған жерлерге бармау күн сайын ескертіліп жатыр. Дегенмен, отбасылық жиын-тойлар, астар өтікізілуде.  Індет жұқтырғандар саны болжанғаннан әлдеқайда асып кетті. Ел медицинасы бұл ауыртпашылықты көтере алмай жатыр.Дәрігерлердің өзі жұқтырып, науқастарды емдейтін маман жетпеуде.

Қисықова ханым  шаһарда 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырғанын айтады.Елордада коронавирусты анықтауға арналған тест  пен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуда. Себебі, науқастар саны артқан сайын тест де тапшы болып отыр. Ақылы ПТР тестер 10 мың теңгеден болса, қазір оның құны 15 мың теңгеге жетті. Ал тест тапсыруға кезекте тұрғандар саны ұзын-сонар. Дәрігерлер  себепсіз тест тапсырудың қажеті жоқ дейді.

Елордада коронавирус жұқтырғандың жалпы саны 3 мыңға жуық болса, оның  2055  дертінен айықты, 15 адам қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.