Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордада бір аудан жабылды

c 09:00, 17/04/2020 c 435

0:00 / 0:00

Қазақстанда коронавирус індетін  жұқтырғандар саны 1300 адамнан асты.  Алматы, Нұр-Сұлтан қаллары және Қызылорда,  Қарағанды, Ақмола, Атырау облыстары көш бастап тұр. Өзге аймақтарда да жағдай     мәз емес. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны артуда. 270-тен  аса адам бұл індеттен жазылып шықты.  17 адам қайтыс болды. Елордада аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 300-ден асты. Ал бүгін Нұр-Сұлтанның бір ауданы қоршалып, карантинге жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарының қаулысымен елорданың оң жағалауындағы 9 бірдей  үй карантинге жабылды. Бұл Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов-Мұстафин көшелері квадратындағы  тұрғын үйлер. Осы ауданда толық  қатаң карантин режимі енгізілді. Бұл аумақтағы үйлер қоршауға  алынып, полицейлер мен әскерилердің бақылауында. Аумақты залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Карантинге алынған үйлердің тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді, аудан аумағына кіруге тыйым салынды.  Көшеге тек жұмысқа, дүкенге және дәріханаға бару үшін шығуға болады. Ал нақты қауіпті індет ошағы анықталған үйлердің тұрғындарына сыртқа шығуға болмайды.Айта кету керек, карантинге жабылған ауданда ұлттық гвардияның әскери бөлімі де бар.

Қала  әкімдігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 22 нысанда карантин енгізілген. Олар: 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, «Шарапат» орталығы және бірнеше тұрғын үй. Оның ішінде қаланың сол жағалауындағы үйлер де бар. Елде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, карантин талабын бұзушылар да жоқ емес. Өкінішке орай, азаматтар індеттің қаншалықты қауіпті екенні сезінбейтін сияқты. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, төтенше жағдай енігізлгеннен бері елімізде 5 мыңнана астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға айыппұл салынып,  1600-ден аса адам қамауға алынған.

Аты жаман ауру өршіп жатса да,  еш алаңсыз бала-шағасымен аулада жүрген адамдарды жиі көресің. Енді полиция карантин талабын бұзып  аулада, спорт алаңдарында, көшеде  жүрген балалары үшін ата-аналарына айыппұл салатын  болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.