Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛДА 13 МЫҢ АДАМ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН КӨЗ ЖҰМАДЫ»

c 10:24, 01/03/2023 c 68

0:00 / 0:00

Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктен 13 мыңнан астам адам қайтыс болады. Өлім құрылымында бірінші орында өкпе обыры, екінші орында - асқазан обыры, үшінші орында - тоқ ішек обыры тұр. Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғинияттың мәліметінше, республикада онкологиялық аурулар бойынша 205 мыңнан астам науқас динамикалық бақылауда тұр. Бұл Денсаулық сақтау министрінің Үкімет отырысында айтқаны. Премьер-министр Әлихан Смайылов онкологиялық аурулардың алдын алу үшін скринингпен қамту тым аз деп сынады. Скринингтік бағдарламалармен қамтылған азаматтардың үлесі 20 пайыздан да аз болып отыр. Бұл – өте төмен көрсеткіш деді үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың баяндауынша, қолданыстағы сәулелік терапия аппараттарының паркі 50 пайызы ескірген. Көптеген өңірлерде сонау 1940-1960 жылдары салынған онкологиялық ауруханалар әупірімдер жұмыс істеп тұр. Мысалы, Атырау облысында 1968 жылы шыққан аппарат қолданылады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу, Қызылорда облыстарында мұндай аппараттар атымен жоқ. Қолжетімсіз медицина салдарынан қазақстандықтар қатерлі ісікке шалдыққанын кеш біліп жатады. Жыл сайын 37 мыңнан астам науқас осы диагнозбен анықталады. Өлім-жітім көп.

Министрдің айтуынша, Онкология орталықтары ғимараттарының жартысы радиологиялық және операциялық-реанимациялық жабдықтарды орнату үшін заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Кадрлар тапшы. Медицина қызметкерлерінің пациенттер мен олардың туыстарына жанашырлық, аяушылық сезімі жетіспейді. Әлі күнге дейін дәріні қолмен араластырып отырған жайымыз бар деп шағымданды министр.

Өз кезегінде премьер-министр онкологиялық ауруларға шалдыққандардың диагнозы тым кеш анықталатынын айтып сынады. Халық жергілікті медициналық мекемелердің жағдайы нашар, медицина қызметкерлері мен дәрі-дәрмектер жетпейді деп шағымданады. Мұның бәрі қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітімнің көбеюіне әкеледі. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін халықты скринингпен қамту көрсеткіші тым төмен деді ол.

Еліміздің бас дәрігері жоғарыда аталған олқылықтарды жою үшін, медициналық жабдықтарды, дәрілік препараттарды сатып алуға, мамандарды оқытуға, заманауи онкология орталықтарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеу жүргізуге шамамен 474 млрд теңге қаражат сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.