Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕРГЕ АРНАЛҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОҚ

c 00:03, 18/01 c 32

0:00 / 0:00

Дизельмен, бензинмен жүретін автокөліктер соңғы жылдары газға көшкен болса, енді еілімзде электромобильдер көбейе бастады. Яғни электр энергиясымен қуатталып жүретін көліктерден зиялы қалдықтар шықпайды. Бұл экологияны қорғау үшін таптырмайтын көлік түрі. Депутаттардың айтуынша, соңғы бір жылдың ішінде Қазақстанға әкелінген электомобильдердің саны 10 есеге артқан. Яғни қазір 9 мыңдай мұндай автокөлік бар. Алайда, оларды қуаттау орындары толық қамтылмаған. Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасы осыны қамтымақ.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары электромобиль иелеріне ақысыз көлік тұрағын беруді ұсынып отыр. Электрлі қозғалыспен жабдықталған көліктерді қаңтаруға және қоюға арналған арнайы тұрақ орындарын бөлу, электромобиль иелерін көлік тұрағы орны үшін ақы төлеуден босатуды көзделіп отыр. Ол үшін көрші елдердің тәжірибесі зерттеліп жатқан көрінеді.

Ал жанармай құю стансаларының жанындағы электромобильдерге арналған орындарға басқа көліктер қойса, айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ. Мәжілісмендер тарапынан азаматтарымыз жаппай электомобильдермен жүруге көшсе, елімізде энергетикалық дағдарыс тудырып, энергия тапшылығы болмай ма деген сұрақ та туындады. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, электромобильдерді пайдалану жылы аймақтарда дамиды деген болжам бар. Сол себепті оңтүстік өңірлерде электрэнергияны өндіретін газбен және жаңартылған энергия көздерімен шығаратын электрэнергия мекемелері салынады. Сол себепті тапшылық мәселесі алдағы 3-4 жылда толық шешіледі, - деп сендірді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.