Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДА ТӘРТІП ЖОҚ»

c 17:41, 30/03 c 25

0:00 / 0:00

Тариф өсіп, халықтың қалтасы қағылып жатыр. Тапқан табысын бағасы шарықтаған азық-түлікке әупірімдер әрең жеткізіп отырғандар бар. Енді ол аздай ақпан айынан бастап қазақстандықтардың коммуналдық қызметке төлейтін төлемдері де шарықтап кетті. Ал бұл тарифтерді белгілеп отырғандар қаншалықты адал жұмыс істеп отыр деген сұрақ туады? Осыдан 20 жыл бұрын нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып және тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер пайда болды. Бір сөзбен айтқанда дистрибьюторлық қызмет атқаратын делдалдар. Депутат Еділ Жаңбыршин ортадағы делдалдар жоймай, көзіміз ашылмайды деп отыр. Электр энергиясының тарифтерін негізсіз көтеріп отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тыйым салу қажет дейді мәжілісмен. Бүгінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс істеп жатыр. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде. Жабдықтау тарифінің орташа бағасын бекітеді. Ал реттелмейтін ұйымдар тарифті өздері белгілеп, ойына келгенін жасауда.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ал, реттелмейтін ұйымдар, тарифтерін өздері белгілейді, яғни оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ»! Ұлттық оператор – КЕГОГ-тың мәліметі бойынша еліміздің тұтынушыларына жіберілетін электр энергияның 18 пайызы жүздеген тарифі реттелмейтін ЭСО-лар арқылы сатылып отыр. Яғни делдалдар арқылы миллиардтаған қаржы өтеді. Біздің болжамды есебіміз бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 миллиард теңге таза пайда көреді екен. 120-дан астам реттелмейтін ЭСО-лардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Бұл әзірше болжам цифрлар, нақтысын ешкім білмейді».

Жаңбыршиннің айтуынша, бұл компаниялар ешкімге есеп бермейді, тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр.Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ дейді ол. Мұның артында олигархтар тұр дейді мәжілісмен.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Делдалдардың артында шетелдік және шетелде тұратын қазақстандық олигархтардың тұр. Осы ретте, ЭСО-лардың таза пайдасы олигополиялық топпен шетелге шығарылып жатқаны тағы бар.Оған нақты дәлел, өткен жылдың аяғында «Ratel.kz» ақпараттық порталы қазақстандық делдал компанияның көрші елдің энергетика саласына 2,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатыны жайлы мәліметпен бөлісті. Бұл дегеніміз елде тапқан табысты актив ретінде шетелге шығарумен пара-пар».

«Аманат» партиясының депутаттары үкіметтен тез арада делдал ұйымдарды нарықтан толықтай алып тастауды,электр энергетика нарығында делдалдарсыз жаңа құрылымға өту тәртібін әзірлеуді, тұтынушылар үшін ашық және әділ тарифтерді қамтамасыз ету және оларды қатаң бақылауға алуды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.