Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛДЕ ӨРТ СӨНДІРУШІ ТАПШЫ

c 10:14, 13/09/2021 c 519

0:00 / 0:00

Елде өрт сөндіру қызметкерлері тапшы. Жамбылдағы жарылыс құтқарушылардың қажетті техникамен толық қамтылмағандығын, қызметкерлер санының аздығын көрсетті дейді Сенатор Бекболат Орынбеков . Депутат үкіметке жолдаған сауалында Жамбылдағы құтқарушылардың жағдайын айтып, жалпы төтенше жағдайлар саласын жаңғырту қажеттігін айтты.

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада орын алған алапат жарылыс салдарынан 16 адам көз жұмды. Қаза болғандардың басым көпшілігі өрт сөндіруге барған құтқарушылар. Қайғылы оқиға салдары өңірде төтенше жағдайлар қызметін жаңғырту қажеттігін көрсетіп отыр дейді сенатор Орынбеков. Депутаттың айтуынша, Жамбыл өңіріндегі өрт сөндірушілердің жай-күйі мәз емес. Штат саны аз.

Құтқарушылар санының аздығымен қоса, олар қажетті техникамен толық қамтылмаған. Өрт сөндіру көлігі тапшы. Сенатор айтқан Жамбыл облысындағы көрініс, өзге де аймақтарда орын алып отырғаны сөзсіз.

Еске сала кетейік, Жамбылдағы жарылыстан соң  қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кеткен болатын.  Экс-министр жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін дегенді. Қоймада 10 жарылыс болды. Осыған орай  қылмыстық іс қозғалды. Мәлім болғандай Тараз түбіндегі әскери қоймаға Арыс қаласындағы қоймадан әкелінген оқ-дәрілер қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.