Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКСПО  қазынаға салмақ салып тұр

c 10:11, 10/06/2021 c 508

0:00 / 0:00

Есеп комитетінің есебіне сүйенсек, бюджет қаражатын пайдалануда анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 835,1 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 61,5 млрд. теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері – 427,5 млрд. теңге, тиімсіз жоспарлау – 1 346,1 млрд. теңге және Қазақстан заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылықтар – 7,2 млн. теңгені құрап отыр.

Карантиндік талаптарға қарамастан, үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинеті түгел мәжіліске келді. Парламент ғимаратында журналистер ғана көрінбеді. Шенділер қазына қаржысының атқарылу барысы бойынша депутаттар алдында есеп берді. Бюджеттің жұмсалуын май шаммен қарайтын Есеп комитеті  анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 835,1 млрд. теңгені құрайды деп мәлімдеп отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 151 лауазымды тұлға, оның ішінде 17 басшы, 40 орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке 44 лауазымды және11 заңды тұлға тартылды. Құқық қорғау органдарына 31 аудит материалы жіберілді. Дегенмен, экономикалық дағдарыстан, пандемия салдарынан шығу үшін Ұлттық қордан қаржы тартып, жан сақтап отырғанда негізсіз шығындар көлемі тыйылар емес. Мысалы, елордадағы ЭКСПО-2017 кешені әлі күнге дейін өзін-өзі қамти алмай отыр. Өткен жылы 320 мың шаршы метр жерді ұстап тұруға  бюджеттен 6,7 млрд теңге жұмсалған. Бұл ғимараттың жылуын, суын, электр қуатын қамтуға бөлінген. Ал бұған дейін сауда министрі 2022 жылдан бастап ЭКСПО-ны ұстауға қаржы бөлу тоқтатылады дегенді.

Алайда тағы екі жыл бойы ЭКСПО  бюджетке салмақ түсірмек.

Министр Сұлтановтың айтуынша, ЭКСПО кешенінің 98 пайызы жалға берілген. Десе де, бюджеттен қаржы бөлінгелі отырған ЭКСПО өзін-өзі толық ақтай алмай отыр.   2017 жылы Халықаралық деңгейде өткізілген ЭКСПО көрмесінің мақсаты баламалы энергия көзін қолданудың аясын кеңейту болатын. Көрмеде әлем елдерінің тәжірибесі ұсынылғаны есімізде. Дегенмен, төрт жыл өтті көмірге тәуелді болып отырған Қазақстанда жасыл экономиканы қолдану дами қойған жоқ. Энергетика министрлігі биыл 23 жаңартылған энергия көзінің нысаны іске қосылады дегенді. 2025 жылы елде өндірілетін электр қуатының 6 пайызы жаңартылған энергетика көздерінен болады деген болжам бар. Бұл әзірге болмай жатқан болжам.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.