Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологияны қорғайық

c 11:57, 14/08/2020 c 678

0:00 / 0:00

Экологиясы әбден ластанған қалалар мәселесі халықпен бірге талқыланатын болды. Бүгін Экология министрлігі Алматы қаласының ахуалына қатысты онлайн жиын өткізді. Жиында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы қаласының ауасы неден ластанып жатқанын айтты. Министр Алматылықтар ТЭЦ-3 мұржасынан тараған улы түтіннен зардап шегіп жатыр деді. Экологтар  қоршаған ортаның ластануына қаптаған автокөліктердің де әкеп жатқан зияны орасан зор деген ойларын алға тартты.

Экология министрлігі ауасы ластанған қалаларды аралап шыққанын айтады. Министр Мырзағалиев өнекәсіпорындары, зауыттар жұмыс істеп жатқан Пауладар, Теміртау сияқты қалалардың экологиясын зерделепті. Бүгінгі онлайн жиында мегаполис қала-Алматының экологиялық аухалы талқыланды. Министрлік қоршаған ортаны қорғау мәселесін көпшілік талқылауына салып, халықпен кеңесіп шешуді жөн санап отыр. Онлайн жиынға экологтар, Алматы қаласының тұрғындары, қоғам белсенділері қатысты.

Алматының ауасына ТЭЦ-3 келген зиянды анықтадық. Оған карантин кезінде көз жеткіздік дейді министр.  Қазір  ТЭЦ-2-ден 33 мыңға дейін, ал ТЭЦ-3-тен 12 мыңға жуық зиянды зат ауаға тарайтыны мәлім болды. Алматы бірнеше жыл елдегі ең лас қалалардың тізімінде болды. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан.

Мэлс Елеусізов –  «Табиғат» қозғалысының төрағасы «Автокөліктердің дөңгелегінің резеңкесінен шыққан шаң зиянды. Қалада 70 мың көлік жүреді. Резеңкенің шаңы өкпеге түсіп, қатерлі ісік ауруларының туныдауына әкеп соғады. Көлік санын қысқрату жолын табу керек. Сондықтан тармвайды қайтару қажет»

Сондай-ақ, қоғам белсенділері ауаның ластануына зор зиян келтіріп отырған көмірден бас тартуды айтады. Мұхтар Тайжан қалаға газ тарту мәселесі толық шешілмей отыр. Оған көмір өндірісіндегілер кедергі болуда деген ойын ортаға салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.