Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологиялық кодекс қабылданды

c 17:32, 21/12/2020 c 755

0:00 / 0:00

Ластаушы төлейді.  Қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік  күшейтілді. Мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасамақ. Ол үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізу міндеттеледі. Жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады деп сендіреді экология министрі Мағзұм Мырзағалиев. Бүгін Парламент Сенаты қоғам күткен Экологиялық кодекс қабылдады.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бүгінде қоғам назарында. Экологиялық жауапкершілік күшеймек. Сенат қабылдаған экологиялық кодекс соны көздейді. Министр Мырзағалиев ауаны ластап отырған алпауыт кәсіпорындарға айыппұл салғаннан мәселе шешілмейді дейді. Ластаушыларға бірқатар міндеттер қойылмақ. Экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіруге міндетті. Оларға ең озық қолжетімді технологияларды енгізу міндеті жүктеледі. Осылайша экологиялық рұқсат беріледі. Министр бұл  еліміздегі экологиялых ахуалды жақсартады деп сендіреді.

Тағы бір мәселе, Қазақстанда қоқыста қайта өңдеу  кенже қалып отыр. Тіпті қоқыс жинау мәдениеті де жоқ. Қоқысты сұрыптап салатын жәшіктерді қала көшелерінің кез-келген жеріне кездестіре алмайсың. Болғанның өзінде тұрғындар  қоқыс тасату тәртібін сақтанбайды.

Министр қоқыстың 15 пайызы ғана қайта өңдеуден өтеді. Қалған 85 пайызын полигонға апарып, көмеді дейді. Ал  жоқ дегенде қоқысты қайта өңдеуді 30 пайызға жеткізу қажет. Ол үшін қоқысты қайта өңдейтін заманауи зауыттар салу керек. Алайда, инвесторлар  бұл салаға ақша құймай отыр.

Не керек, табиғат ананы қорғауға арналған құжат екі оқылымда қабылданды. Дегенмен, бұл заң экологиялық проблемаларды түбегейлі шешіп тастайды деп айту қиын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.