Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

c 09:37, 19/08/2021 c 591

0:00 / 0:00

Ел диқандары егін жинауды бастап кетті. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев ауа-райының қолайлы уақытын пайдаланып, екі маусымда жұмыс істеп, астықты жинап алған жөн деп отыр. Ал ол үшін жанар-жағар май бағасы шарықтамай, шаруалардың техникасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы керек. Үкіметте қуаңшылық зардабын шеккен өңірлерге арзан жем-шөп жеткізу, егін жинау мәселері қаралды. Министрліктің биылғы болжам бойынша 15,3 млн тонна астық жиналады.

Биыл елде құрғақшылық орын алып, шөп шықпай, мал қырылған жағдай орын алды. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында мыңдаған мал қырылып, жұт деп мойындалды. Төтенше жағдай жарияланып, ел болып көмек қолын созды. Ауыл шаруашылығы министрлігі  қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерде жағдайды тұрақтандыру үшін елден жем-шөп өнімдерін ірі көлемде шығаруға уақытша тыйым салынатынын айтты.

Ал, 1 қыркүйектен бастап жемдік астықтарды экспорттауға квота енгізіледі. Сондай-ақ, Қарашөкеев биыл жиналатын астық көлемінің болжамын айтты. Ендігі егін жинау науқаны басталып кетті. Диқандар 15,3 млн тонна деңгейінде астық жинайды дейді ол. Өткен жылы 18 млн тонна астық жиналған екен.

Үкімет, биылғы қуаңшылыққа қарамастан, нан бағасы тұрақты болады, астық жеткілікті деп уатып отыр. Дегенмен, құрғап қалған егіс алқабы қаншама. 178 мың гектар жер күйіп кетті.

Президенттің тапсырмасы бойныша, нан бағасының қымбаттауына жол бермеу, халықты қажеттілікпен қамту үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырмақшы.   Ішкі нарықты қамтып алғанна кейін,  астықтың белгілі бір көлемін экспорттауға да жетеді деп отыр министр міндетін атқарушы Қарашөкеев мырза.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.