Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕДЕН ЖУЫП, АУЛА СЫПЫРАТЫНДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ КЕРЕК

c 22:46, 04/02 c 46

0:00 / 0:00

Күнделікті жұмыс орны болсын, мектеп, денсаулық сақтау мекемелеріндегі тазалықты қамтып отырған еден жуушылардың, таң атпастан көшені айнадай қылып тазалап отыратын аула сыпырушылардың, сантехник, плотник, электриктің жасап жатқаны еңбегі зор. Бірақ олардың ауыр еңбекте жүргенін назарға алмаймыз. Мәжіліс депутат Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, денсаулық сақтау, оқу-ағарту саласындағы ең ауыр жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың айлық жалақысы өте төмен. Қарапайым еңбек адамдары азаматтық қызметшілер реестірінде жоқ. Сол себепті Үкімет азаматтық қызметшінің айлығын арттырғанда, осы санаттағы еңбегі ауыр жұмысшылардың мүддесі ескерілмей жатыр. Ал олардың қазір алып отырған айлығы айына емес, бір аптаға алатын тамағына әрең жетеді.

Депутат ханым, үкіметтен жоғарыда аталған еден жуушы, аула сыпырушыдан бастап қарапайым бірақ ауыр еңбек атқарып жүрген азаматтардың жалақысын екі есеге өсіруді талап етті.

Сүлейменова бастаған депутаттық топ, үкіметке жолданған сауалда қосымша бірқатар ұсынысты алға тартты. Еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың еңбек демалысына төленетін төлем мөлшеріне сауықтыру жәрдемақысын қосуды, бюджетті нақтылау кезінде аталған жұмысшылардың базалық лауазымдық жалақысын инфляцияға және жұмыстардың күрделілігіне сәйкес ұлғайтуды сұрады. Сондай-ақ, аталған еңбек адамдарын азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізімне енгізуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.