Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дін мамандары тапшы

c 14:40, 24/04/2018 c 995

Батыс өңіріне елімізге белгілі теолог, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Оралхан Рахметбекұлы табан тіреді. Білікті ұстаз облысымызда оқыту семинар өткізіп, жат ағыммен күресу бағытындағы жұмыстар жүргізбек. Бүгін өткен оқыту семинарына да дін саласы қызметкерлері мен мемлекеттік мекеме өкілдері арнайы қатысты. Бүгінде облысымызда 77 діни бірлестік тіркелген. Олардың барлығы да басқарма тарапынан қадағаланып, тексеріліп тұрады. Алайда, дәстүрлі емес деп танылған жат ағымдардан келер зиян жоқ емес. Жастардың миын улайтын бұндай ұйымдардың көздегені - оларды тура жолға салу емес, керісінше, тайдыру екені рас. Ал елді адасушылықтан сақтап, енді-енді дінге бет бұрған бұқараның көзін ашатын білікті дін мамандары бүгінде облысымыздың кей аудандарында жеткіліксіз.Десе де, бұл мәселе де біртіндеп шешіліп келеді.
Еліміздегі жалғыз діни білім беретін жоғарғы оқу орнына облысымыздан оқуға түскен 30 баланың 11ін ата-анасы қайтарып алған. Көбі бұны жат ағымның салдарынан десе, мәселенің ақ қарасын білетін Нұр Мүбарак египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытуышысы басқалай түсіндірді. Оның айтуынша, мәселе көбіне-көп қаражатқа келіп тіреледі екен.
Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Оралхан Рахметбекұлы енді облыс аудандарына барып, насихат жұмыстарын жалғастырмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.